BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Атамқұлов жаңа қызметінің функциялары туралы түсініктеме жасады

Астана, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың ҚР СІМ-нің жаңа функциялары туралы түсініктеме жасады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сыртқы саясатты экономизациялау, шетелдік инвестицияларды тарту және қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерін сыртқы нарықтарға шығару мәселелері әрқашан Сыртқы саяси ведомствосы қызметінің басты басымдықтарының бірі болған.

"Енді, бұрыңғы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті мен «Kazakh Invest» АҚ Сыртқы істер министрлігінің құзырына ауысады. Осыған орай, сыртқы саяси қызметтің негізгі бағыттарынан бөлек біз жоғарыда аталған құрылымдардың механизмдерін белсенді пайдаланамыз. Бұл инвестицияларды тарту бойынша жұмыста шетелдік инвесторларға ерекше көңіл бөлінетінін күтуге болады" - делінген министрдің түсініктемесінде.

Қазақстанда барлық деңгейлерде инвесторлармен өзара әрекеттесудің тиімді институттары құрылған. Сыртқы істер министрлігі инвестициялық және экспорттық қызметінің жалпы үйлестірушісі болады.

"Барлықтарыңызға мәлім, барлық салалық министрліктер экспорт мәселесімен айналысуда. Өз кезегінде, Сыртқы істер министрлігіне олардың бұл жұмыстағы күш-жігерін үйлестіруге және ең алдымен Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің әлеуеті арқылы болу елдерде тиісті ақпаратты тарату, екіжақты кездесулер мен келіссөздерді ұйымдастыру, сондай-ақ қазақстандық тауарларды экспорттаушыларға тікелей қолдау көрсету мәселелері жүктелді" - деді министр.

Сонымен қатар, министр өзге министрліктермен бірлесе отырып Мемлекет басшысының Жарлығын жүзеге асырудың практикалық механизмі пысықталатынын айтты.

"ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Kazakh Export» АҚ ЭСҚ, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында алдын-ала қабылданған Бірлескен іс-қимыл жоспарларына қосымша ретінде, жақын арада Сыртқы істер министрлігінің жаңа құзыретіне қатысты Мемлекет басшысының Жарлығын жүзеге асырудың практикалық механизмі пысықталады" - деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуына қарағанда, экспорттық бағыттағы қызметті үйлестіру функциясы қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарының қолжетімділігін мақсатты түрде зерттеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ маңыздысы, біздің елден тауарлар мен қызметтерге кедергі келтіретін барьерлерді жою бойынша келісілген келіссөздер жүргізу тактикасын құруға жол ашады.

Естеріңізге сала кетейік, 26 желтоқсан күні ҚР Президенті Бейбіт Атамқұловты ҚР Сыртқы істер министрі етіп тағайындаған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер