BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Асқар Мамин Шымкенттегі «Халықаралық білім көрмесіне» қатысты

Фото: автор

Астана BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласында өтіп жатқан Әлемдік жоғарғы оқу орындары сьезі аясындағы көрменің екінші күні басталды. Бұл іс-шараны «Халықаралық бағдарламалар орталығы» ұйымдастыруда. Көрмеге әлемнің 40-тан астам мемлекетінен 200-ге жуық жоғарғы оқу орындары қатысуда.

Көрме жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин және Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов қатысты.

«Жалпы көрмеге 40 елден келген 200-ге университет өкілдері қатысып отыр. Ал, арнайы Шымкент қаласында 96 жоғарғы оқу орнынан келген 150 шетелдік өкілдер бар. Сонымен қатар бұл университеттердің ішінде 60% қазақстандық азаматтар үшін тегін жатын орын мен стипендия беруге дайын. Кейбір жоғары оқу орындар бір жылдық тіл үйрену курстарынан өту мүмкіндіктерін қарастырып отыр» - деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов.

Көрме аясында білім беру саласындағы шетелдік сарапшылардың қатысуымен семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, көрме қатысушылары үшін уәждемелік хаттарды және халықаралық тестілеулерді жазу бойынша тәжірибелік мастер-класстар өткізілетін болады.

Іс-шараға АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Жапония, Швейцария, Польша, Венгрия, Испания, Литва, Оңтүстік Корея, Қытай және т.б. еуропалық стандарттары бойынша білім беретін жоғары оқу орындары қатысады.

Ең маңыздысы, көрмеге тегін білім беретін Финляндия, Чехия, Германия, Франция елдерінің жоғары оқу орындары қатысуда. Аталған елдерге тегін оқуға түсу үшін тек құжат жинап, конкурстық іріктеуден өту қажет, бұл жұмыста Халықаралық бағдарламалар орталығы талапкерлерге көмек көрсетуге дайын.

Көрменің негізгі мақсаты – Қазақстан азаматтарының шетелде тегін білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру және отандық жоғары оқу орындары мен шетелдік университеттердің арасындағы ынтымақтастықты кеңейту.

Көрмеге келген вице премьерлер Шымкентте қатысушы оқу орындарының ұсыныстарымен танысып, АҚШ-тың Колорадо шатытының Форт Коллинс қаласының мэрі Wade O. Troxell мырзамен танысты.

«Бұл дегеніміз Қазақстан мен Өзбекстан жастарының Еуропаның сапалы оқу орындарында білім алулары үшін жасалынған жақсы мүмкіндік», - деп атап өтті Асқар Мамин өзінің Өзбекстандық әріптесі Ачилбай Раматовпен әңгімесінде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үшін ең тиімді дүниелерді алып келіп, әлемнің ең үздік университтерінен білім ала отырып диплом культінен білім культыне ауысуымыз қажеттігі жайында айтқан болатын.

Көрмемен таныстыру барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов өз ойын білдірді.

«Біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі Қазақстанды Орта Азиядағы «білім хабы» жасау десек, алдымен өз жоғарғы оқу орындарымызды белгілі бір дәрежеде әлемдік деігейдегі университтермен қатар тұра алатындай етіп даярлап шығаруымыз қажет. Міне, осыған байланысты, өткізілгелі отырған «Халықаралық білім көрмесінде» еліміздің университтері шетелдік мамандардан тегін мастер кластар алуды ұйымдастырып отырмыз. Олардың ең жақсы деген модульдері мен жеткен жетістіктерінен өзімізге қажеттілерін үйренуіміз қажет» - деп атап өтті.

Сондай-ақ көрмеге қатысушы әлемнің ең мықты университеттерінің өкілдері жаңадан құрылған Түркістан облысы үшін қажетті барлық мамандарды қамтамасыз етіп беруге дайын екендіктерін білдірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер