BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Айтарлықтай қауіп болды". Жақсыбеков деректі фильмге түсті

Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Қырғызстандағы жағдай туралы пікір білдірген тизер жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазАқпарат» агенттігі таратқан мәліметке қарағанда, әлеуметтік желіде 2011 жылы Қырғызстандағы революцияға арналуы ықтимал деректі фильмнің анонсы тарап кетті. Оның трейлерінде қару қолданған құқық қорғау қызметкерлерінің халықпен қақтығысы бейнеленген. Бұл роликте осы оқиғаға Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пікір білдіріп жатыр.

«Айтарлықтай қауіп болды. Бұл, әрине, еліміздің қауіпсіздігі, қорғаныс қабілеті жағынан бірден қауіп төндірді. Біздің шекарамыз өте жақын...», - деп пікір білдірген видеода Әділбек Жақсыбеков.

Фильмнің титрында оның 29 қараша күні сағат 21:30-да экранға шығатыны хабарланған. Оны қай арнадан көрсететінін авторлары нақтыламаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер