BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Криминалды полицейлер АҚШ елшілігінің сенімді өкілімен кездесті

Астана, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігінде АҚШ елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті.

Ішкі істер министрлігінде Есірткі бизнесіне қарсы күрес және Криминалдық полиция департаменттерінің басшыларының Қазақстандағы АҚШ елшілігі істерінің сенімді өкілі Теодор Лингпен кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – есірткі бизнесіне және ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау мәселелері аясында ынтымақтастық перспективаларын талқылау.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасау мәселелері екіжақты ынтымақтастықта басым бағытардың бірі екенін атап өтті.

Криминалдық полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин трансұлттық қылмысқа, оның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл жасауда атқарылып жатқан жұмыс туралы айтып берді.

Кездесу барысында АҚШ елшілігінің өкілі өткізіліп отырған кездесудің маңыздылығы атап өтіп, ҚР ішкі істер органдарының қызметіне жоғары баға берді.

Қатысушылар екі жақты ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізіп, есірткі бизнесіне және ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау мәселелері аясында ынтымақтастық перспективаларын белгіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер