Діни ағымдардан зардап шеккен 1134 адам оңалтылды - Руханият|28 Шілде 2017, 13:30
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Діни ағымдардан зардап шеккен 1134 адам оңалтылды

Жыл басынан бері деструктивтік діни ағымдардың қызметінен зардап шеккен 1134 адам оңалтылды. Бұл - радикалды және деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтары жұмысының нәтижесі. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ел аумағында 5000-нан астам іс-шара өткізіліп, оған 6630 адам тартылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында білікті теолог, дінтанушы, психолог және діни берлестіктер мен үкіметік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жүргізілген жұмыс осындай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Қазақстанда оңалту жұмыстарына Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Дін істері басқармалары мен оңалту орталықтары жұмылдырылған. Атап айтқанда, барлық өңірлерде Діни проблемаларды зерттеу орталықтары, «Насихат» консультациялық-оңалту орталығы» (Көкшетау қ.), ҚМДБ жанындағы О. Есенұлы атындағы оқу-оңалту орталығы, «Нұрлы білім» ҚБ (Қарағанды қ.), «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы» (Ақтөбе қ.), «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендер көмек көрсету (Атырау қ.) орталықтары жұмыс жасайды.

Аталған оңалту орталықтарының қызметі экстремистік сипаттағы деструктивтік діни ағымдардың ықпалынан зардап шеккендерді оңалту және бейімдеу арқылы халықтың радикалдану деңгейін төмендетуге бағытталған.

Сондай-ақ, ақпараттық түсіндіру және оңалту жұмыстары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде де жүргізілуде. Өңірлік Дін істері басқармаларымен ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 3888 кездесулер ұйымдастырылып, оған 18 000-нан астам адам қамтылған. Оның қорытындысы бойынша 264 адам өздерінің деструктивтік діни көзқарастарынан бас тартты.

Еске сала кетейік, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі уәкілетті және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп радикалды және деструктивтік діни идеологияның ықпалына түскен тұлғаларға теологиялық және психологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кешенді шаралар қабылдауда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Қаңтар 2018, 19:43
АЛМАТЫДА "ҚЫЗЫҚ КӘНСЕРТ"
Пікірлер