BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жеңіл жүрісті әйелдерге әдеп сабағы оқытылады

 Астана. 11 сәуір. Baq.kz – Тәжікстанда тән саудасымен айналысатын әйелдерге әдеп сабағы оқытылуда. Сабақ айына бір рет өткізіледі.

Құқыққорғау органы есебінде тұрған жеңіл жүрісті қыз-келіншектердің бекітілген дәріске қатысуы міндеттелген, деп жазады «Азаттық радиосы».

Дәрісті дәрігерлер, күштік құрылым қызметкерлері мен қоғамдық ұйым өкілдері жүргізеді. Бұдан бөлек, тыңдаушыларға дұрыс жұмысқа орналасу мүмкіндіктері де беріледі.

Тілшіге берген сұхбаттарында бұл санаттағы әйелдер жеңіл жүріске жақсы жұмыс таппау себебінен баратындарын жеткізді. Елде жұмыссыздық деңгейі көтерілген. Қазіргі уақытта Тәжікстанның 1,2 млн азаматы нәпақа табу қамымен Ресейде жүр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер