BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Зейнеп Ахметова: Кiшкентай қыз баланың басын тұмшалап хиджаб салып қойған дұрыс емес

Мұсылман болу үшiн араб болудың қажетi жоқ. Арабтан үйренетiн ештеңемiз де жоқ. Мұны қоғам қайраткерi, Бауыржан Момышұлының келiнi Зейнеп Ахметова «Әйелдер ұйымдарының жастар арасында дiни экстремизмнiң алдын алудағы рөлi» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конферециясы барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Мұсылман болу үшiн араб болудың қажетi жоқ. Арабтан үйренетiн ештеңемiз де жоқ. Өзiмiздiң салтымыз бар, өзiмiздiң дәстүрiмiз бар. Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейiн ешқашан басына орамал салмаған. Менiңше, адамдардың көбi қоғамда өздерiнiң ерекшелiгiн көрсету үшiн осылай iстеп жүр. Мен өз басым, кiшкентай қыз баланың басын тұмшалап, орамал немесе хиджаб салып қойған дұрыс емес деп есептеймiн. Өйткенi, ол ертеңгi күнi өзi таңдауы керек. Баланың iшкi жан дүниесi, Құдайды iздеуi, Алланы түсiнуi, соның барлығы келген кезде ол өзi таңдау жасайды. Бiздiң қоғамда екi көзбен көрiнетiнге сенемiз, ал тылсымға сене бермеймiз. Сыртқы көрiнiс, сыртқы елiктеу. Дiндi ұзын, қысқа көйлек киген секiлдi «модаға» айнылдырып алған», - дейдi З.Ахметова.

Қоғам қайраткерiнiң айтуынша, бұның барлығы қазақтың тұтастығын, қазақтың ынтымағын бұзу үшiн iстелiп жатқан дүние.

«Әйтпесе, атам заманнан келе жатқан салт 25 жылдың iшiнде дұрыс болмай қалды, оның барлығы дiнге қарсы болып қалды дегенге қарсымын. Қазақ салтының дiнге қарсы ештеңесi жоқ. Ата дәстүрiмiзден алыстасақ, құрдымға кететiн жерiмiз сол болады», - дейдi З.Ахметова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер