BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ясауи хикметтері алғаш рет музыка тілімен насихатталады

Астана,BAQ.KZ. Ертең елордадағы «Астана» концерт залында Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін сазға қосқан ағайынды Серікжан мен Әліби Әбдінұровтардың «Әзірет қонған Түркістан» атты концерті өтеді.

Алғашқы рет кәсіби музыка тілімен насихаттайтын, Ясауи хикметтерімен таныстыратын шығармашылық кеш –Қожа Ахмет Ясауидің соңында қалған телегей-теңіз рухани мұрасын насихаттауды мақсат тұтады.

Концертке Астана қаласы мемлекеттік филармониясының академиялық симфониялық оркестрі, камералық хоры, жеке орындаушылар және Павлодар қаласынан арнайы келген вокалдық квинтет (әншілер тобы) қатысады деп күтілуде.

Кеш барысында дәстүрлі әншілер - «Ей, сопы», «Расулдың ризалығы», «Салауат», «Аш, ей момын көзіңді», қылқобызбен - «Диуани хикмет», баянмен - «Арыстанбаб», «Абыз», скрипка аспаптарымен - «Күй-толғау», дауыс және оркестрмен - «Уа, жаратқан», «Мәңгілік», оркестрмен - «Сүйінші», «Балбал», дауыс, флейта және хормен - «Яссы», симфониялық дастан - «Хикметтер» шығармалары орындалады.

Қожа Ахмет Ясауи жалпы түріктік мәдени және дүниетанымдық кеңістіктегі ішкі тұтастықты қалыптап, исламдық құндылықтарға негізделген философиялық-этикалық ар-ождан ілімін жүйелеген рухани тұлға.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер