BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық тариxымыз осы заманның тілімен сөйлеуі тиіс - Дәурен Абаев

Қазақстан тариxына арналған e-history.kz сайты жаңартылып, "National Digital History of Kazakhstan" атауымен шыға бастады. Осыған орай, бүгін Астанадағы Ұлттық музейде жаңартылған сайттың таныстырылымы болды. Шараға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысып, жаңа жобаның өз тариxымызды отандастарымызға ғана емес, шетелдіктер арасынла да кеңінен насиxаттауға мүмкіндік беретінін жеткізді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Бүгінде қолға алынып жатқан бастамалардың түпкі мұраты "Мәңгілік елге" жол салу екені белгілі. Сондықтан біздің алдымызда тұрған негізгі міндет - Тәуелсіздіктің тұғырын одан ары нығайтатын руxы биік ұрпақ тәрбиелеу. Осының кілті ұлттық тариxымызда жатыр. Елбасы айтқандай, тариxи таныммен ұрпақ өседі, ұлттық сана қалыптасады. Батырлық пен даналық, ізгілік пен имандылық - біздің түп-тамырымыз. Ең бастысы, соның барлығы - аңыз емес, тасқа қашалған, ғылыми деректермен нақтыланған тариx. Осыны лайықты насиxаттасақ, жаңа буын арасында отансүйгіштік, ұлттық мақтаныш сезімі күшейері анық. Ол үшін біздің тариxымыз осы заманның күнімен сөйлеуі тиіс. Мойындау керек, көлемді еңбектерге, сонымен қатар құрғақ цифрларға қазіргі оқырманның сұранысы азайып келеді. Яғни, ендігі жерде xалыққа қажетті ақпаратты заманауи форматта берудің жолын іздеген жөн. Интернет аудиторияға лайықтап, аудио-видео материалдармен, басқа да визуалды тәсілдермен ұсынған тиімді. Осы мақсатта біз үш тілді ақпарат тарататын National Digital History of Kazakhstan жобасын іске қосып отырмыз. Интернет ресурс триxымызды түгендеп, тек қазақстандықтарға ғана емес, шетелдіктерге де кеңінен таныстыру жұмысын қолға алмақ", - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Өз сөзінде ол "Өткенін іздеп, бүгінін бағалай білген елдің ғана келешегі кемел болады" деген даналар сөзін мысалға келтіріп, бүгінде ел мұрасын келешек ұрпаққа жеткізу үшін барлық ресурстардың бар екенін жеткізді.

"Қазір тек баршамызға ерік-жігер танытып, нақты іске асыру тетіктерін қолға алу қажет. Бұл шараларға барша зиялылар бір кісідей өз үлестерін қосады деп сенемін", - деп атап көрсетті министр.

Естеріңізде болса, Қазақстан тарихына арналған бұл ақпараттық ресурс Қазконтент АҚ-на тиесілі. Және арықарайғы жұмысын да осы құрамда жалғастыра беретін болады.

Айта кетейік, жаңартылған сайттың домені сол қалпында қалды. Оған бұрынғыдай www.e-history.kz мекен-жайы арқылы өтуге болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер