"Ұлттық музей сенің қалаңда!" мәдени туры Оңтүстік өңірінде - Руханият|05 Тамыз 2016, 10:42
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Ұлттық музей сенің қалаңда!" мәдени туры Оңтүстік өңірінде

Фото: e-history.kz

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі бірнеше іргелі жобаларды қолға алған болатын. Сондай елеулі жобалардың бірі «Ұлттық музей сенің қалаңда!» мәдени туры. Мәдени саяхат 6 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында өтеді - деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Ұлттық музейдің айтулы шарасы осы уақытқа дейін Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларында ұйымдастырылып, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген еді. Мәдени турдың басты кейіпкері Қазақ елінің брэндіне айналған «Алтын адам» жәдігері. Бұл жоба аясында мемлекет қорғауындағы, тек музей төрінде тұратын асыл мұра өзге облыстар мен қалалардың тұрғындары және қонақтарының назарына ұсынылады.

Осылайша ел тұрғындарының кемел тарихымызға деген сүйіспеншілігін оятып, жас буынның бойында патриоттық сезімді қалыптастыру – шараның басты мақсаты. Шымкент қаласында өтетін ауқымды іс-шара барысында көрермен қауым «Ұлттық музейге саяхат» жасап, рухани орда туралы 3D графикалық видеороликтерін тамашалай алады.

Бейнелеу өнері музейінде сағат 10:00 мен түнгі 00:00 аралығында өтетін келелі кеш барысында көрермен концерттік бағдарламаға куә болады. Аталмыш шараға ресми өкілдер мен музей ісінің мамандары, өзге де өнер саласындағы жандар қатысады. Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын мега жоба еліміздің басқа да қалаларында ұйымдастырылмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер