BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Ұлы даланың жеті қыры және Қазақ әдебиеті» атты жазушылардың І Пленумы өтуде

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда Қазақстан Жазушылар одағында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған ақын-жазушылардың І Пленумы өтіп жатыр.

Алқалы жиынның ашылуында Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет сөз сөйлеп, аталған мақаланың маңыздылығына тоқталып өтті.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ежелгі тарихымыз бен мәдениетіміздің қадір-қасиетін танытып, астарын ашып көрсеткен «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы баспасөз бетінде жарық көргелі бері оның мән-маңызы мен құндылығы үздіксіз талқылану үстінде, тиесілі жобалар да жасала бастады. Біздің бүгінгі алқалы басқосуымызда алдымен осы мақаланың ең басты бағыттарын бағамдап алуымыз қажет. Өйткені біз отаршылдықтың қиын-қыстауынан өткеннен кейін, өзіміздің тарихымызға өзіміз қолымыз жетпей зәру болып келген елміз», -дейді ол.

Пленумға Одақтың облыстардағы басқарма мүшелері мен Алматы қаласында тұратын ақын-жазушылар қатысуда.

Сондай-ақ жиын барысында Одақтың бір жылда атқарған істері мен келер жылғы жоспары талқыланды


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер