BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлы даланың жеті қыры. Ортақ тарихымыздың белгісіз беттерін ашып береді - Тереченко

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жарық көрген болатын. Осы мақалаға орай Нұр Отан партиясының хатшысы Илья Тереченко өз пікірін білдірді.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өзінің көкейтестілігімен және дәл уақытында жазылуымен таңғалдырды.

Еліміздің табыстылығының кепілі – тарихи бай өткенімізге деген мақтаныш пен қазіргі уақытты прагматикалық тұрғыдан бағалау, болашаққа деген оң көзқарас. Осы ой мақаланың өн бойынан сезіліп-ақ тұр.

Елбасы бізді өз тегіміз бен өткенімізді тарихи үрдістердің көпқырлылығын түйсіне отырып, заманауи ғылымның биігінен қарап тануға, сол кезеңдегі және басқа да оқиғаларды дұрыс, обьективті бағалауға шақырады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бүгінгі әңгіме осынау киелі жерде өмір сүріп келе жатқан көптеген ұлт өкілдерінің ортақ Отаны болған Қазақстанның тарихы жайлы екендігін айтып өтеді.

Басқа ұлт өкілі ретінде, Қазақстан – менің тарихым, тағдырдың талқысымен талай шырғалаңнан өткен ұлан-ғайыр даланың бір бөлшегіне айналған менің отбасымның тарихы деп айта аламын.

Президент нақтылап атап өткен Ұлы даланың Жеті қырының әрқайсысы әр қазақстандықтың бойына ерекше мақтаныш сезіміні ұялатады. Ал, тарихи өткенімізді тану аясында жүретін жеті жылдық «Архив-2025» бағдарламасы, «Ұлы даланың Ұлы есімдері» білім беру-тәрбиелеу бағытындағы Парк-энциклопедияларын жасау, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» жобасын іске асыру, біздің ортақ тарихымыздың белгісіз беттерін ашып беретін болады.

Жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру өткенімізге оң көзқараспен қарап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге, қоғамдық сананың жаңғыруына үлкен үлес қосады.

Біздің алда атқаратын жұмыстарымызға нақты бағыт-бағдар беретін бұл мақаланың шығуын партиялықтар асқан қызығушылықпен, ерекше ынтамен қабыл алғанын атап өткім келеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер