BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Ұлы даланың жеті қыры». Бүгінгі ұрпақ түп-тамырын тануы керек - Қанат Әуесбай

Астана, BAQ.KZ. «Bolashaq» қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру туралы қоғам белсенділерінің қатысуымен Астанада қоғамдық талқылау өтті.

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау барысында белгілі қазақстандық қоғам белсенділері мақаланың міндеттерін анықтап, қоғамдық сананы жаңғыртуда басым бағыттарын жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды қарастырып, пікір білдірді.

«Жастардың басы қосылған бұл жиынның маңызы ерекше деп білемін. Жалпы, адамзаттың даму барысында 16 ғасырдың соңына дейін тарих ғылымы «Қасиетті ғылым» болып келді. Еуропада тарих ғылымы – тек ақсүйектердің ұрпағы үшін қолжетімді, мемлекетті басқару өнеріне ғылым саласы қызметін атқарды. Ал, Кеңес Одағы кезінде тарих саяси идеологияны қалыптастыратын, жүзеге асыратын механизм болды. Мұның барлығы қоғамтану ғылымдарының арасында тарихтың орны ерекше екенін көрсетеді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында осы ғылымға ерекше мән беріп, оны жаңа қырынан пайымдауды баса айтты. Себебі бүгінгі ұрпақ түп тамырын білу арқылы әлемдік тарихтағы орнын айқындап, жаһандық қауіп-қатерлерге төтеп беруге рухы мықты болмақ» - дейді филология ғылымдарының кандидаты, Елбасы кітапханасының аға сарапшысы, журналист Қанат Əуесбай.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер