BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Рүстем Қайыртайұлы халықаралық айтыстың бас жүлдесін жеңіп алды

Фото: Әлеуметтік желіден алынды

29 шілде күні Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылында «Туған жерге туыңды тік» атты халықаралық айтыс өтті, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.

12 ақын бақ сынаған аламанда Ақсуаттың өз тумасы Рүстем Қайыртайұлы бас жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы қазылар алқасының мүшесі Берік Уəли өзінің фейзбук парақшасында жазды.

Жыр додасына Қазақстаннан Ринат Зайытов, Жансая Мусина, Рүстем Қайыртайұлы, Қуаныш Шарманов, Қалижан Білдәшов, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Әсем Ереже, Мақсат Аханов, Шұғайып Сезімхан, Төлеген Жамановтар қатысса, Қытайдан Жарқынбек Бердібекұлы, Моңғолиядан Ерлан Дәулетұлы қатысты.

Халықаралық айтысты Тастекеевтер әулеті толықтай қаржыландырды.

Тартысты жыр додасында бас жүлдені (2 млн теңге) Рүстем Қайыртайұлы алса, 1-орынды Ринат Зайытов (1 млн теңге) иеленді. Рүстем ақтық сайысқа дейін Аспанбек Шұғатаевты жеңсе, Ринат Зайытов Мұхтар Ниязовтан басым түскен болатын. Сондай-ақ 2-орынды Жансая Мусина (750 000 теңге), жүлделі 3-орынды Қытайдан келген қандасымыз Жарқынбек Бердібекұлы (500 000 теңге) жеңіп алды. Мұхтар Ниязов және Аспанбек Шұғатаев 300 000 теңгеден арнайы сыйлыққа ие болды. Ақсуат айтысының степендиясы 100 000 теңгеден бір жыл бойы екі ақынға - Калижан Білдəш пен Шұғайып Сезімxанға тағайындалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
24 Қазан 2018, 09:37
Жаңа күнім - жаңа бағым
Пікірлер