BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өнер мен ғылым: музыканың маркетингтегі рөлі қандай?

Бүгінгі таңда клиенттерінің босаңсуына мүмкіндік бергісі келмейтін көптеген компаниялар маркетингтік әдіс-тәсілдер таңдағанда, баяу әуеннен гөрі жылдам музыкаға басымдық беретіні рас, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап.

Біз тыныштықты алтынға теңеп жатамыз. Бірақ телефон арқылы тілдескен кезде, хабарласқан адам бос болмаса, оны әдемі музыка тыңдап күте тұрамыз. Яғни, музыка мен хабарлама алмасуда, жалпы, кейбір маркетингтік кампанияларда тыныштық қолдан кеткен мүмкіндікке теңестіріліп жатады.

Табиғат бос кеңістікті көтере алмайды, әсіресе, ол вакуум болса. Мысалы, хабарласқан абонентті күтіп отырған уақытымыз бізге кесірін тигізуі мүмкін. Сондықтан да болар, музыка уақыт өлтіруші ретінде де пайдаланыла бастады. Яғни, адамдар жақтырмайтын күту процесін жеңілдету үшін осындай сипатқа көшіп отыр. Бұл – негізгі концепция. Бірақ, бүгінгі таңда дыбыстық мүмкіндік абоненттің назарын аудару үшін де пайдаланылатындықтан, көпшілігіміз телефон тұтқасын қоюға асықпаймыз.

«Нарық алдымен күту кезінде музыканы қолдану идеясын уақытты жылдамдату үшін қабылдаған болатын. Сонымен қатар тыныштықты бұзу мақсатында да музыка қолданыла бастады. Бірақ кейін көп адам музыканың керемет маркетингтік мүмкіндік екенін түсіне бастаған соң, ол бизнестің ажырамас бөлшегіне айналып кетті», дейді жаһандық SVP Mood Media шығармашылық бағдарламалау маманы Дэнни Тернер.

Бірақ, алдымен музыка туралы әңгімелеп көрейік.

Көңіл аулауға арналған музыка

Адамның көңілін аударуға арналған музыканы ең алғаш 1930 жылдардан бастап Muzak компаниясы жасады. Ол танымал әндердің музыкалық аспаптарда ойналатын нұсқасына негізделді.

Көптеген жылдар бойы мұндай музыка қонақ үйлерде кең танылып, үнемі қосылып тұратын болды. Бірақ компания 2009 жылы банкрот болып, оны Mood Media сатып алды.

Бүгінгі таңда Mood Media компаниясында 200-ден астам басқарылатын музыка каталогтары бар. Дэнни Тернердің айтуынша, олармен әлемнің түкпір-түкпіріндегі дизайнерлер жұмыс істейді. Яғни, бұл плейлисттер дүкендердегі саундтректер ретінде қолданылады.

Музыканың денсаулыққа әсері бар ма?

Дегенмен, музыканы қабылдау деңгейі әртүрлі екені рас. Мұны тексеру үшін мен өзімнің дәрігерімнің кеңсесіне хабарластым. Желі бос болмағандықтан, күту режіміне таңдалған музыкаға баса назар аудардым. Олар гитарада ойналатын классикалық музыканы таңдапты. Сонымен қатар телефон желісіндегі дыбыстың сапасы өте нашар болғандықтан, күту кезінде мен өзімді бос ұстай алмадым.

«Мен музыка адамның психологиялық денсаулығына кері әсер етеді деп ойламаймын. Бірақ қайталана беретін әуеннің әсері бар екеніне сенімдімін», дейді Нью-Йорктің музыкалық терапевті Олшер.

Телефондағы дыбыс сапасы жақсы емес екені белгілі. Сол себепті желі бос болмағанда күту режіміне музыкалық аспаптарға басымдық беріледі.

Музыка брендинг құралы ретінде қолданылады

Бүгінгі таңда кез келген жердегі музыка кездейсоқ таңдалмайды. Сондай-ақ орта және ірі компаниялардың маркетингіне негізделген Business Voice секілді компаниялар саны да өте көп. Олар брендтің ерекшеліктері мен тәжірибесіне, сапасына байланысты зерттеу жүргізіп, музыка таңдап бере алады. Яғни, радиожарнама немесе дыбыстық хабарламаларға да арнайы музыка таңдалады.

Бизнес осынау маркетингтік бағытпен тығыз жұмыс істеп келе жатыр. Сонымен қатар олар Маркетинг ассоциацияларына да мүшелікке өткен. Мысалы, музыканы маркетингтік құрал ретінде пайдаланып, таңдауға мүмкіндік жасайтын EMA агенттіктер консорциумының Солтүстік Америка, Еуропа мен Австралияда өкілдіктері бар. Бұл компания 250 мыңнан астам бизнес түріне қызмет көрсетеді. Бірақ бұл айсбергтің төбесі ғана. Себебі бұл салада қызмет ететін Mood Media компаниясынан бастап кішігірім фрилансерлер мен жеке компаниялар саны шектеусіз. Олардың көбі халықаралық бизнестегі қажеттіліктерге қызмет етуге көшіп те кеткен.

Мысалы, Business Voice компаниясы байланыс операторына қызмет етіп, on-hold маркетингтік жоспарын жасау барысында caller experience аудитін қолданады. Яғни, компания бір адамның қаншалықты жиі хабарласатынын, қанша уақыт күтетінін есепке ала отырып, музыка таңдауға көшеді. Егер хабарласқан адам орташа есеппен бес минут күтсе, ол үш минуттық циклды тыңдамайды. Компания, сондай-ақ хабарласып тұрған адамның демонұсқасын анықтап, қоңыраудың жұмысын жақсарту үшін жеке жоспар құрады.

«Сіз күтіп тұрған адамның уақытын пайдалана отырып, өз компанияңыз туралы жақсы пікір қалдыра білуіңіз керек», дейді Business Voice компаниясының атқарушы директоры және негізін салушы Джерри Браун.

Яғни, хабарлама алмасу мен күту кезінде музыка қою міндетті түрле клиенттің талғамына сәйкес жүргізіледі. Музыка бұл ретте компания туралы жағымды имидж қалыптастыруға да септігін тигізе алады. Браунның айтуынша, бүгінгі таңда бұл бағытқа ғылыми тұрғыда да басымдық беріле бастаған.

«Музыканы таңдаған кезде біз әуендегі дыбыстың бір минуттағы көрсеткішіне мән береміз. Мысалы, сіз біреуді күтіп тұрған болсаңыз, музыка қатты жылда болмауы керек. Ал егер сіз сауда жасап жүріп, кезек күтіп тұрған болсаңыз, адамдардың ширақтығын арттыру үшін музыканың жылдам болғанына басымдық беріледі», дейді ол.

Грэмми музыкасы

Музыканың жеке сыйлығы да бар. Ал маркетингтік музыкада MARCE атты сыйлық барын біреу білсе, біреу білмейді. Маркетингтік тәжірибе ассоциациясы ұйымдастыратын бұл конкурс жыл сайын өкізіледі. Оның биылғы жеңімпаздары – италиялық Street Kitchen атты мейрамханалар желісі болды.

Бір айта кетерлігі, аталған MARCE сыйлығы жеңімпазы болған музыкалардың көпшілігін Business Voice компаниясы жасаған.

Музыканың орнына әзілдерді қолдануға бола ма?

Бүгінгі таңда байланыс операторлары абоненттерді тарту үшін әзіл қолдану тәжірибесіне жүгіне бастады. Business Voice компаниясының креативті директоры Скотт Грегоридің айтуынша, адамды күлдіре алған компанияға деген сенім де еселеніп арта береді. Дегенмен, бұл ретте де халықтың үзілістерді ұната қоймайтынына басымдық беріледі.

«Егер клиенттердің тыңдап тұрған дүниесі үзіліп кетсе, олар оны жақтырмайды», дедң маркетинг менеджері Саманта Мехра.

Музыкаға деген қызығушылық төмендеп кеткен болса, маркетинг пен технологиялардың арқасында музыканың керемет әлемін қалыптастыруға болатын уақыт жетті. Себебі бүгінгі таңда маркетингте де музыка әлемі бар.

Ағылшын тілінен аударған: Алтынай Қуанышбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер