Мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық көрсетті - Руханият|28 Маусым 2017, 14:33
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық көрсетті

Ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы түзету мектеп-интернатында Астана қаласының алты медициналық және білім беру мекемесіне қажетті жабдық үшін сертификаттарды тапсыру рәсімі өтті. «Шеврон» компаниясы «АЯЛА» қайырымдылық қорының қолдауымен ауқымды жобаның демеушісі болды, деп хабарлайды BAQ.kz.

№3 Перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлері компаниядан екі фототерапия аппаратын және В 40 екі медициналық сорғышты сыйға алды.№1 Қалалық балалар ауруханасына станцияға қосылатын сегіз арнайы инфузиялық дозатор берілді. №2 Қалалық балалар ауруханасының дәрігерлеріне электроэнцефалограф-тіркеуші аппаратын, сондай-ақ компьютер және оның құрамдас бөліктерін тапсырды. № 2 Ақмола облыстық ауруханасына өкпені жасанды желдету аппаратын берді.

Сонымен бірге Ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы түзету мектеп-интернатының тігін шеберханасына тігін машиналарын қоса алғанда, жаңа жабдық сатып алынды. «ДОС» Тәуелсіз өмір» мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдық бірлестігіне «Шеврон» компаниясы компьютер және құрамдас бөліктерді тапсырды.

«Шеврон»» компаниясының және «АЯЛА» қайырымдылық қорының бірлескен жобасының жалпы құны 2017 жылы 28 571 463 теңге болды.

«Перзентханалардың, облыстық ауруханалардың және орталық аудандық ауруханалардың жан сақтау бөлімшелерінде балалардың өмірін құтқаруға көмектесетін жобалар біздің қор жұмысы басымдықтарының бірі болып табылады. Бала өмірі барлық туғандары – анасы, әкесі, әжесі, атасы, ағасы мен апасы үшін аса қымбат. Интернаттың тәрбиеленушілеріне және «ДОС» қоғамдық бірлестігіне көмек көрсету – «Шеврон» команиясының және «АЯЛА» қайырымдылық қоры қызметкерлерінің өз ісіне өте мұқият әрі жете қарауының көрсеткіші», - деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.

Сыйға тапсырылған медициналық жабдық қарқынды терапия бөлімшелерінде балаларға көмек көрсету деңгейін айтарлықтай арттырады, дәрігерлердің және орта медицина қызметкерлерінің еңбегін жеңілдетеді. Бұрын мұндай жабдық болмаған кезде дәрігерлер дәрі-дәрмектің қажетті дозасын салу, өкпені желдету, күні жетпей туған сәбиді жылыту үшін балалардың қасында сағаттап отыруға мәжбүр болатын. Енді бұл көмек жоғары технологиялық тұрғыдан және білікті түрде көрсетіледі.

№ 1 Қалалық балалар ауруханасы ұзақ уақыт бойы жемісті ынтымақтастық үшін үлкен алғысын білдіреді.

«Біз «Шеврон» компаниясы және «АЯЛА» қайырымдылық қоры тапсырған жабдыққа (шприц дозаторлары) алғыс айтамыз, бұл жабдық ауыр халде жатқан балаларға дәрі-дәрмекті дұрыс әрі дәл дозалап салу үшін қажет. Әдетте ауруханада 200-ден астам бала болады, олар дәрілерін өз бетінше қабылдай алмайды және инфузиялық терапияға мұқтаж. Бұл көмек жоғары технологиялық емдеу кезінде аса маңызды», - деді Астана қ. № 1 Қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Лариса Павловец.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер