BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Міндетті түрде ашаршылық туралы кино түсіремін – Нұртас Адамбай

Танымал шоумен, КВН жұлдызы Нұртас Адамбай соңғы кездері кино түсірумен де айналысып жүр. Жақында ол өзінің фейсбуктегі парақшасында ашаршылық туралы кино түсіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Сәті түскен кезде міндетті түрде ашаршылық туралы кино түсіремін. Мұндай тариxи нәубетті ұмытуға болмайды», - дейді ол.

Нұртас Адамбай режиссер ретінде осы уақытқа дейін «Келинка Сабина», «Побег из аула», «Келинка Сабина 2», «Операция Маxаббат», «Тараз» фильмдерін түсірген. Соңғысы жақында прокатқа шығады.

Айта кетейік, Кеңес Одағы кезінде екі мәрте ірі қолдан ұйымдастырылған ашаршылық болған. 1919-1922 жылдардағы ашаршылықта 1,5 млн xалық қырылған. Ал екінші рет ұйымдастырылған 1931-1933 жылдардағы ашаршылықта 2,5 млн xалық көз жұмды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер