BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Мың кітап сыйлайық»

Астанадағы Ұлттық Акедемиялық кітапхана «Мың кітап сыйла» акциясын бастады, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Бұл туралы кітапхананың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Сіз Кітапханаға – кітап сыйға тартқыңыз келе ме?! Онда «Ұлттық академиялық кітапханаға мың кітап сыйлайық!» акциясына атсалысуыңызға болады. Бұл – Сіздің қазақ руханиятына қосқан қомақты үлесіңіз болмақ. Жас ұрпақ үшін, саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін кітап қорын молайтайық, келіңіз, қол ұшын беріңіз! Сіз тарту еткен кітапты барлық ел оқуы мүмкін» - делінген хабарламада.

Кітап сыйлаудың, оны жүзеге асырудың, ұлт руханиятына қызмет етудің пайдасы зор дейді кітапхана қызметкерлері.

«Оның пайдасы – ұшан-теңіз! Кітапханамызды әлемге әйгілі болған Отырар кітапханасындай танымал орталыққа айналсын десеңіз, игі шарадан қапы қалмаңыздар! Акция 10-мамырдан 10-маусымға дейін жалғасады» - дейді кітапханашылар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер