BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандық сериалдар қырғыз арналарынан беріле бастайды

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқармасының төрағасы Ерлан Қарин мен Қырғыз Республикасының Қоғамдық Телерадиотарату корпорациясының Бас директоры Илим Карыпбеков серіктестік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Бұл туралы корпорация басшысы Ерлан Қарин мәлімдеді.

Оның айтуы бойынша құжатқа Бішкекте өткен «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның сериалдық өнімдерін таныстыру аясында қол қойылған.

"Біздің теленарығымызда шетелдердің телеөнімдері көбейіп кеткені туралы жиі айтылады. Ақпарат және комуникациялар министірлігінің тапсырмасымен телеарналар қазір отандық өнімдерді ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде. Біздің алдымыздағы мақсат тек қана телеөнімдердің санын арттыру ғана емес, сонымен қатар шетелдік теленарыққа шығару.
Міне бүгінде, «Қазақстан» телерадиокорпарациясы өз телеөнімдерін шетел нарығына жүйелі түрде шығаруды қолға алуда. Сол мақсатпен, бүгін біз бауырлас Қырғыз еліне келдік. Бішкек қаласында, Қырғыз Республикасының телевизия нарығына Ұлттық арнаның телехикаялар өнімдерінің презентациясын жасаймыз. Басты әріптесіміз - Қырғыз Республикасының Қоғамдық Телерадикорпарациясы. Бүгін біздің іс шарамызға Қырғыз елінің 14-ке жуық телеарнасы қатысуда, және де олардың тарапынан біздің телеөнімдерге үлкен қызығушылық бар. Осындай жұмысты басқа елдердің де теленарығында бастаймыз деп жоспарлаудамыз" - дейді Ерлан Тынымбайұлы.

Ал Қырғызстанда өткен, шараның мақсаты – Қазақстан және Қырғызстан арасында меншікті кино және телехикая өнімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастықты арттыру.
ҚР Үкіметінің қолдауымен «Қазақстан» телеарнасы жылдан-жылға отандық телехикаялар өндірісін арттырып келеді. 2009 жылы алты бөлімді «Ағайынды» драмасы өндірілді. Бүгінгі күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысымен түрлі жанрда 62 телехикая түсіріліп, көрерменге жетті. Олардың арасында ең танымалдары - «Ағайынды», «Көк тарландары», «Сырғалым», «Аяулы арман», «Әке», «Іңкәр жүрек» және т.б.
Аталмыш шараға Қырғыз Республикасының 14-тен астам телеарнасы қатысты. Қырғызстандық теленарыққа шығу «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның кино және телехикая өнімдерін халықаралық нарыққа шығарудағы басты бағыттардың бірі болмақ.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы елімізде телесериал өндіру саласында көшбасшы болғандықтан - Канн, Мәскеу, Будапешт, Берлин, Сингапур, Гонконг, Пусан, Сеул қалаларында өтетін халықаралық телевизиялық нарыққа белсенді қатысады. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде телехикаяларды көрсету құқығы ҚХР, АҚШ, Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Кипр, Словения елдеріне берілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер