Қалыйма Жантөреева. Ұлы даланың жеті қырындағы қазақи мінез - Руханият|25 Қараша 2018, 16:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қалыйма Жантөреева. Ұлы даланың жеті қырындағы қазақи мінез

Түркістан, BAQ.KZ. Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жарық көрген болатын. Осы мақалаға орай Түркістан облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева өз ойын ортаға салды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Ұлы даланың жеті қыры мақаласын жұртшылық қызу талқылауда,пікір алмасуда. Бұл мақала халқымыздың тарихи мұрасын зерттеп,ұлттық болмысымызды зерделеп,көнеден келе жатқан асыл құндылықтарымызды қадір тұтып, тәуелсіз ұрпағымыздың болашағына пайдалануға жол сілтер кемеңгер Көшбасшымыздың «Рухани жаңғыруын» іске асыру жолындағы шешу жолдары іспеттес.

Мақалада қазақтың тарихы арқылы ұлттық ерекшелігі,мәдениеті,өркениеті,даму дәуірі тереңде екені терең қамтылған. Ұлы даланың тарихымен, дүрбелең дүбірімен бірге өрілген тұлғаларымыздың есімдері тек мақтанышымыз ғана емес, Ұлы даламызды әлемге танытушы,дәріптеуші. Елбасы мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағы ашылса, жастардың патриоттық сезімінің, елжандылық қасиеттерінің нығаюына, ынтасының артуына септігі тиері сөзсіз.

Дәлелді құндылық. Кеше ғана жарық жұлдызымыз Димаштың Лондон төрінде Құрманғазының «Адайын» дүркірете тартуы, қос пернеден төгілген аттың дүбірі арқылы өршіл бейнені, намысты тұлғаны танытты. Өнер сүйгіш қырық үш елден келген көрермендерді күй арқылы қазақи мінезді мойындатты. "Ұлы даланың жеті қыры" қазақи мінезбен жіксіз астарлас.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер