BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Халифа Алтай» мешіті Алаш қозғалысының 100 жылдығын ұлықтауды бастап кетті

ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінің XV мәжілісінде Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай Алаш қайраткерлерінің ерен еңбегі туралы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Мұсылмандықты мұрат еткен кешегі Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі сауатсыздықпен аянбай күресіп, ағартушылықпен айналысуы – өткен ғасырдың өлмес өнегесі, естен кетпес ерлігі деп айтар едік» деп атап көрсетті.

ШҚО «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сонымен қатар Алаш үкіметінің 100 жылдығына арналған конференция өткізілетіндігін айтқан болатын.

Алаш қайраткерлеірнің отаншылдық идеяларын насихаттау, олардың тарихи еңбегін таныту, зерделеу мақсатында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі «Алаш үкіметіне 100 жыл:Тарих тағылымы» атты шара өткізді.

Жиынға Облыстық «Халифа Алтай мешітін мен Өскемен қалалық мешіттердің имамдары, шәкірттері, жастар, тарихшылар қатысты. Шара Алашорда тарихына байланысты жазылған кітап көрмесімен танысудан басталды.

«Алашорда тарихы Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы маңызды парақтар деп айтуға болады. Алаш зиялылары тәуелсіздік идеясын насихаттап, қазақтың білімді, бәсекеге қабілетті, дамыған ел болу үшін жан аямай елге, ұлтқа қызмет етті. Олардың жүріп өткен жолындағы тағылымға толы ерлік істері бізге үлгі. Алаш зиялылары ең бастысы білімді ұрпақ тәрбиелеуді басты мақсат еткен» деп атап өтті, өкіл имам шара барысында.

Сонымен қатар ол өз сөзінде Алаш ардақтыларын ұлықтап, тарихын танып жатқанымыздың өзі Тәуелсіздіктің арқасы екендігін айтып, Алаш қайраткерлерін ұлықтаудың маңыздылығын жеткізді.

Жиында тарих ғылымының кандидаты Әділ Сайлау «Алаш үкіметінің құрылуы мен мақсаты» туралы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында көптеген құнды деректерді келтірді.

Шараға қатысқандар Алаш үкіметі жайлы, Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрысынұлы, Міржақып Дулатов, Отыншы Әлжанов, Райымжан Мәрсеков, Мағжан Жұмабаевтардың өмірінен мол мағұлмат алды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер