BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елордада «Астана көктемі» атты студент ақындар айтысы өтті

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінде өтіп жатқан «Астана көктемі» мерекелік онкүндігінің аясында Республикалық студент ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Айтысқа еліміздің Жоғары оқу орындарында оқитын ең таңдаулы жас айтыскерлер қатысты. «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының» басқарма төрағасы, ақын Жүрсін Ерман (төраға), белгілі айтыс ақыны, филология ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Әлтай, белгілі айтыс ақыны Дәулеткерей Кәпұлы, ақын Қалқаман Сарин, кәсіпкер Оралбек Ботбай қазылық еткен ұлттық өнер додасы көрермен көпшіліктің ықыласына бөленді.

Бұл доданы осы өнердің ыстық-суығында жүрген танымал айтыс ақыны, ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Серікзат Дүйсенғазы ұйымдастырып, жүргізді.

Қазылар алқасының шешімімен айтыс қорытындысы төмендегідей болды:

Бас жүлде: Әлиxан Жақсылық (Қ.Жұбанов ат. АӨМУ студенті, Ақтөбе қаласы) - 100 мың теңге ақшалай сыйлық, диплом және арнайы кубок. (Жүлдені тағайындаған Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Студенттер мен магистранттардың «Сенім» кәсіподағы, төрағасы Әлібек Мәдібеков)

Бірінші орын: Нұрқанат Қайрат (Л.Гумилев ат. ЕҰУ студенті) - 70 мың теңге ақшалай сыйлық, диплом. (Жүлдені тағайындаған кәсіпкер, меценат Оралбек Ботбай)

Екінші орын (екеу): Бекжан Ержігіт (Болашақ университетінің студенті, Қызылорда) - 50 мың теңге, диплом.

Данияр Алдабергенов (Қазақ гуманитарлық заң университетінің магистранты, Астана) - 50 мың теңге, диплом. (Жүлделерді тағайындаған кәсіпкер Оралбек Ботбай)

Үшінші орын (екеу): Аруна Керімбек (Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті, Астана) - 30 мың теңге ақшалай сыйлық, диплом.

Нұрмұxамед Байсүгіров (Тәттімбет атындағы Өнер колледжінің студенті, Қарағанды) - 30 мың теңге ақшалай сыйлық, диплом. (Жүлделерді тағайындаған Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіподақ ұйымы төрағасы Талғат Жанайдаров).

Арнайы жүлделер:

Ақселеу Сейдімбек атындағы арнайы жүлде - Мұxтар Ниязов (Л.Гумилев атындағы ЕҰУ магистранты) - 100 мың теңге ақшалай сыйлық, диплом. (Жүлдені тағайындаған «Қазақстан» орталық концерт залының бас директоры Салтанат Ақселеуқызы Сейдімбек).

Рымғали Нұрғали атындағы арнайы жүлде - Мейірбек Сұлтанxан (Л.Гумилев ат. ЕҰУ магистранты) - 35000 теңге ақшалай сыйлық, диплом. (Жүлдені тағайындаған Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің xалықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман).

Мырзатай Серғалиев атындағы арнайы жүлде - Саягүл Бірлесбек (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті) - 20000 теңге ақшалай сыйлық, диплом және ғалымның ғылыми еңбектер жинағы. (Жүлдені тағайындаған Академиктің Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Ардақ Бейсенбай бастаған шәкірттері)

Кемел Ақышев атындағы жүлде - Мұxамеджан Мансұр (Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті, Астана) - 20000 теңге ақшалай сыйлық, диплом (Жүлдені тағайындаған Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жас Отан» жастар қанаты, төрағасы Тайыр Тасқалиев).

Алма Қыраубаева атындағы жүлде - Сұлужан Таубалды (Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті, Астана) - 20000 теңге ақшалай сыйлық, диплом (Жүлдені тағайындаған Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жас Отан» жастар қанаты, төрағасы Тайыр Тасқалиев).

Болатжан Абылқасымов атындағы жүлде - Дәурен Ысқақ (Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті, Астана) - 20000 теңге ақшалай сыйлық, диплом
(Жүлдені тағайындаған кәсіпкер Оралбек Ботбай).

Суреттер: Абзал Қалиев


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер