BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елордада Холокост құрбандарын еске алу кеші өтеді

Астана. 18 сәуір. Baq.kz - 19 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Венгриядағы Холокост құрбандарын еске алу халықаралық күніне орай «ХХ ғасырдың ұмытылмаған тағдырлары» іс-шарасы өтеді. 

Бұған дейін Мәскеу, Екатеринбург және Калининград қалаларында өткен көрме 30-40-жылдарғы оқиғалар себепті тағдырлары күрт өзгеріске ұшыраған венгерлік ғалымдардың, жазушылардың, актерлардың, спортшылардың, музыканттардың өмірбаянын ашып көрсетеді. Айталық, ұлы атом физиктері Эде Теллердің және Ено Вигнердің, голографияны ойлап табушы, физика бойынша Нобель сыйлығының иегері Денеш Габордың және ең алғашқы компьютердің негізін қалаған математик Янош Нейманның, криптон шамын жасаған Имре Бродидің және т.б. ғалымдардың ауыр тағдырларынан хабар беретін суреттер көпшілік назарына ұсынылады.

Көрмеге қойылған экспонаттар фашисттік диктатураны айыптай отырып, венгер халқының басынан өткен қасіреттерді ұмыттырмайды. Сол арқылы қатыгездікті жеңген жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер