BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елбасы қорының жастарға қамқорлығы ерекше - қор степендианты

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы қоры еліміздің дамуы жолында түрлі шаралар атқарып келе жатқан бірегей орталықтардың бірі.

Әдебиет пен әлеумет саласындағы әртүрлі байқаулар, техникалық мамандықтар бойынша түрлі жарыстар, ұлт пен ұрпаққа ұлағатты сөзін айта алатын тұлғалармен өткізілген келелі кездесулер соның дәлелі болса керек. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының степендиясы да еліміздің түкпір-түкпіріндегі таланатты жастардың талабын ұштауға, оларға қаржылай һәм рухани қолдау көрсетуге бағытталған.

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің туризм мамандығының 4-курс студенті Сұңқар Мәдениетқызы аталған степендияның иегері атанған.

«Мен 2015 жылы мектепті «Алтын белгімен» тәмамдап, мемлекеттік грантты жеңіп алдым. Әкем: «Бастаған ісіңде тек алды бол», деп айтып отырады. Сондықтан да болар университет қабырғасында көптеген ғылыми-теориялық конференцияларға, Республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иелендім, университеттің қоғамдық өміріне де белсене ат салысып келемін, оқу үлгерімімде өте жақсы. Жақында өткен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының таланатты жастарды қаржылай қолдауы мақсатында ұйымдастырылған конкурсқа қатысып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қорының степендианты атандым. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қорының білімді, таланатты студенттерді қаржылай қолдауы, ол әрине студенттерді тек қаржылай ғана емес, рухани жақтанда үлкен мотивациялық қолдауға ие. Елбасы қорының степендиаты атанғанда менің бойымды болашаққа деген сенімділікпен ертеңгі күні халқым мен мемлекет алдында жауапкершілік күші биледі. Елбасы қоры тарапынан бұндай қолдауға ие болу, ол әр студент үшін үлкен жетістік», - дейді ол.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының 2018 жылғы степендиаттарын марапаттау Алматы қаласында, Тұран университетінде өтті. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарынан жиналған Елбасы қорының степендия жеңімпаздары бір-бірімен танысып, пікір алмасты. «Қазіргі Қазақстанда ғылымның инновациялық дамуы мен сұраныс» атты XII халықаралық ғылыми конференцияның ашылуында үздіктерге салтанатты түрде сетепендия куәлігі табысталды.

Елбасы қорының жастарды қаржылай қолдауы «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» деген қазақтың жақсы бір мақалына негізделгендей. Талантты студенттерді қолдау, ол еліміздің ертеңіне инвестиция салғанмен тең.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер