Дінді ұстану немесе ұстанбау құқығын қамтамасыз ету тұжырымдама жобасының айнымас негізі - дінтанушы - Руханият|28 Маусым 2017, 20:32
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дінді ұстану немесе ұстанбау құқығын қамтамасыз ету тұжырымдама жобасының айнымас негізі - дінтанушы

"Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясат тұжырымдамасы – уақыт сынына жауап беретін құжат" - деген пікір айтады дінтанушы.

Дін саласындағы уәкілетті органның ғылыми-сарапшылар қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктердің өкілдерін кеңінен тарта отырып әзірленген Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясаты тұжырымдамасынына Елбасының қол қоюы қуанышты жайт.

Тұжырымдама мемлекеттің діннен бөліну қағидатына негізделіп әзірленген. Оның басты мақсаты Қазақстан Республикасындағы зайырлылық қағидаттарын нығайтуды көздейді. Қазақстандықтардың діни сенім бостандығын, дінді ұстану немесе ұстанбау құқығын қамтамасыз ету тұжырымдама жобасының айнымас негізі.

Тұжырымдама қоғамымызда іс жүзінде орныққан конфессияаралық келісімді нығайту бағытындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарға алдағы уақытта өзінің елеулі үлесін қоса отырып, дінді деструктивті мақстаттарда қолдануға жол бермеуге септігін тигізетіндігіне сенемдіміз.

Тұжырымдамада мемлекет саясатының дін саласындағы ұстанымы, стратегиялық мақсаттары мен бағыттары айқын көрсетілген. Аталмыш құжат жобасы бірқатар сарапшылар мен дінтанушы мамандардың, сонымен қатар азаматтық қоғам институттары өкілдерінің талқылауынан өтіп отыр.

Тұжырымдамада негізінде елімізде діни білім беру тәртібін реттеу, жасөспірімдерді діни қызметке заңсыз тартуға жол бермеу, діни әдебиеттерді тарату тәртібін жетілдіру және т.б. мәселелерін шешу жолдары қолға алынған. Дінді ұстанатын азаматтарымыздың діни рәсімдерді жүзге асыруына қолайлы жағдай жасау тетіктері де қарастырылған.

Бізге, әсіресе, зайырлылық қағидаттарын халқымыздың өмір сүру салтына айналдыру мақсатында мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет, құқық қоғау, арнайы қызмет пен қарулы күштер, бұқаралық ақпарат құралдары, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт жүйелерін жұмылдыра отырып, елімізде әлеуметтік-экономикалық және отбасы институтының мәселелерін шешуді көздейтін мемлекет пен діни бірлестіктердің қарым-қатынасына жағдай жасалатындығы өте ұнап отыр.

Тұжырымдама негізінде дін саласындағы мемлекеттік саясат іске асырылмақ, діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынас дамытылмақ, азаматтардың діни сенім бостандығы қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, мемлекет пен азаматтық қоғам арасында өзара әрекеттесу моделі қалыптасып, зайырлылығымыз асқақтай түспек.

Сандыбаев Жалғас, дінтанушы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер