BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Министр «ифтар», «машаалах» секілді араб тіліндегі сөздерді қолданбауды ұсынды

Фото: Ержан ЖАУБАЙ

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев соңғы жылдары елімізде жиі қолданып жүрген «ифтар», «машаллах» секілді араб тіліндегі сөздерді қолданбауға кеңес берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақ тілі өте бай. Сондықтан кірме сөздерге қолданбауға тырысайық. Бүгінгі таңда кейбір азаматтар кірме сөздерді қолдануға құмар. Оған мысал ретінде «ифтар», «машаллах» сөздерін» айтуға болады. Әйтпесе, «ифтарды» қазақ халқы осы уақытқа дейін ауыз ашар, «машалланы» құдай қаласа деп айтып келді ғой. Сондықтан теріс ағымдарға тойтарыс беру үшін біз өз рухани құндылығымызды сақтап қалуымыз керек. Сол кезде жастарымыз жат ағымдарға ермейтін болады», – дейді Н.Ермекбаев.

Оның айтуынша, теріс радикалды идеологияға қазақ дәстүрімізбен ғана тойтарыс бере аламыз. Айта кетейік, соңғы жылдары сәресін- суһу, ауызашарды-ифтар деп айту белең алып кеткен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер