BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Димаш Құдайбергеновтың ата-анасы «Мерейлі отбасы» конкурсының дипломанты атанды

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергенов тәрбиеленген Айтбаевтар әулеті «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының дипломанты атанды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін Астанада «Қазақстан» орталық концерт залында бесінші «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. Ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мерейлі отбасы» конкурсы жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысушыларға арнаған сөзін оқып берді.

Содан соң барлық облыстан келген конкурс қатысушыларына грамоталар мен сыйлықтар табыстады.

Биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, Астана қаласының 20 жылдығы, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 5 жылдығына орай Гран-приден бөлек екі отбасыға дипломант атағы мен бағалы сыйлықтар тағайындалды. Осы марапаттың біріне Ақтөбе облысынан келген Айтбаевтар әулеті ие болып, оларға үлкен кәсіби музыкалық орталық табысталды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Жамбыл облысының Ниязқұловтар көпбалалы ұстаздар отбасы конкурстың Гран-при иегері атанғанын айтқан болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер