Дәурен Абаев "Тұлпар мініп, ту алған" эстафетасын Шиповскихқа берді - Руханият|26 Қазан 2018, 14:12
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дәурен Абаев "Тұлпар мініп, ту алған" эстафетасын Шиповскихқа берді

Астана, BAQ.KZ. Еліміздегі танымал тұлғалар, саясаткерлер арасында ұлттық рухымызды асқақтатар тамаша эстафета жалғасып жатыр.

Бұған дейін мектеп оқушылары арасында басталған ерекше эстафета бүгінде саясаткерлердің арасында да қызу қолдау тапты. Танымал журналист Берік Уәли, ақын Серік Сейтман қатарлы тұлғалар қатысқан эстафетаны "Қазақстан" ТРК Төрағасы Ерлан Қарин журналист Берік Уәлиден алып, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа ұсынған болатын.

Бүгін саясаткерден алған эстафетаны министр депутатқа ұсынды.

"Ата-бабамыздан бері бізге мирас болып келе жатқан батырлар жыры ұлтымыздың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын әспеттейді. Батырлар жырын жатқа айтудан өтіп жатқан «Тұлпар мініп, ту алған» Ұлттық жобасын қолдау мақсатында Ерлан Қарин мырза маған эстафета жолдап, «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқуға шақырған болатын. Бұл эстафетаны қазақ тілін керемет меңгерген, Парламент Мәжілісінің депутаты Генадий Шиповских мырзаға жолдаймын" - деген Дәурен Әскербекұлы.

Естеріңізге сала кетейік, эстафетада жарияланған жырларды #қазақ_эпос #тұлпар_мініп_ту_алған #тұлпармініптуалған хечтегтері арқылы толығырақ білуге болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер