BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Будапеште Кейкі батырдың бас сүйегін қалпына келтіру жұмысы басталды

13 қазан күні Қазақстан Елшілігінің көмегімен ҚР Орталық мемлекеттік музейі Будапешт қаласына Кейкі батырдың бас сүйегін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Нұрбақ Рүстемов Фейсбуктегі парақшасында хабарлап отыр.

«Венгрияның жаратылыстану ғылымдары музейінде Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінің директоры Нұрсан Әлімбай Венгрия музейінің бас директоры Золтан Коршошқа ДНК сараптамасын жүргізіп, қалпына келтіру үшін Кейкі батырдың бас сүйегін тапсырды. Музейдің антропологиялық бөліміне жетекшілік ететін Агнеш Куштар Кейкі батырдың бас сүйегін қалпына келтіру жұмыстарын өз басшылығына алды»,-деп хабарлаған елші Н.Рүстемов.

Кездесу барысында Н.Әлімбай мажарлық ғалымдарға 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан Кейкі батырдың бас сүйегі 93 жыл өткен соң Отанына қайтарылғанын және де батырдың бас сүйегін қалпына келтіру Қазақстан үшін тарихи оқиға екенін атап өткен.

Будапештегі музейдің бас директоры Золтан Коршош болса, осындай тарихи міндетті сеніп тапсырған қазақстандықтарға алғыс айтып, мажарлық ғалымдар соңғы технологиялардың арқасында сапалы жұмыс атқаратынына сендірді.

«Айта кету керек, Венгрияның жаратылыстану ғылымдары музейіне биыл 214 жыл толды. Музей ішінде 10 миллионға жуық экспонат бар. Ал антропологиялық бөлім 70 рет адамның бас сүйегін қалпына келтіретін тәсілмен жұмыс істеген, соның ішінде Әбілхайыр ханның да бас сүйегін қалпына келтірген»,-деп хабарлады елші.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер