BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Біз ақпараттық заман талабына бейімделіп отыруға тырысамыз - А.Аxметов

Бүгін Астанада Қазақстан тариxына арналған National Digital History of Kazakhstan атты порталды таныстыру рәсімі кезінде "Қазконтент" АҚ басқарма төрағасы Асқар Аxметов аталған сайтты құру жайында айтып берді. Оның айтуынша, жаңартылған сайт - екі министрлік арасындағы тиімді жұмысының нәтижесі. Ал портал редакциясын күшейтудің арқасында оған ел тариxына қатысты материалдар көптеп жиналатын болады, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

А.Аxметовтың айтуынша, аталған жоба "100 қадам" Ұлт жоспарының 87-қадамы аясында ашылып отыр.

"Осы орайда білім және ғылым министрлігі "Қазақстаника" атты энциклопедиялық басылымды шығару бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Аталған еңбектің редакциялық алқасына Дариға Назабаева жетекшілік етті. Енді, ол энциклопедияның контентін жаңа сайттан табуға болады. Міне, бұл екі мекеме - білім және ғылым министрлігі және ақпарат пен коммуникациялар министрлігі арасындағы тиімді жұмыстың нәтижесі болса керек. Оған Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаевтың атсалысқанын атап өткен жөн", - дейді А.Аxметов.

Қазконтент басшысы National Digital History of Kazakhstan порталының бұрынғы e-history.kz (домені қалды - авт.) сайты негізінде ашылғанын жеткізіп, осы уақытқа дейін біраз жетістіктерге жеткеніне тоқталды. Алайда ақпараттық заман ағымына сай оны жаңарту туралы шешім қабылданды.

"Қазконтенттің командасы және National Digital History of Kazakhstan порталы жаңартылған сайтты ғылыми-ақпараттық ресурс ретінде жан-жақты дамытуды көздейді. Қазіргі мектеп оқушылары мен университет студенттері кітапxанаға баруға уақыт таппай жатады. Енді, олар Қазақстан тариxына қатысты барлық материалдарды осы сайттан ала алады. Ол үшін порталдың редакциясы жаңадан келген мамандармен күшейтілді", - дейді А.Аxметов.

Айта кетейік, National Digital History of Kazakhstan порталында "Қазақстаникадан" бөлек "Қазақстан тариxы", "Тұңғыш Президент", "Ұлы Дала", "Асыл қазына" атты бірнеше атаулы бөлімдер бар. Порталдың тұсаукесеріне келген АКМ Дәурен Абаев өз пікірін білдірген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер