BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанадағы Димаштың концертінде Лара Фабиан мен Валерий Меладзе ән шырқайды  

Фото: Абзал ҚАЛИЕВ

27 маусымда «ЭКСПО–2017» көрмесі аясында талантты әнші Димаш Құдайбергеновтің концерті өтеді. Концертте Лара Фабиан, Валерий Меладзе сынды өнер жұлдыздары өнер көрсетеді. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз Димаш Құдайбергеновтың үлкен концертін өткізуге міндеттіміз. Осындай бірегей талантымыз бола тұра, оған мүмкіндік бермеу дұрыс болмас еді. Біз Димашпен 27 маусымда концерт өткізу жөнінде келісімге қол қойдық», – деді ол.

Сонымен қатар министр алдағы концерт қайда өтетіндігін айта келе, Димашпен бірге әлем жұлдыздары өнер көрсететінін алға тартты. Қазіргі таңда осы бағыттағы жұмыстар жүргізілуде.

«Димаш Құдайберген шақырады» концерті Астана арена стадионында өтеді. Мынадай фактіні атап өткім келеді. Біз қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Лара Фабианмен, ағайынды Меладзелермен келісім бар. Қазір өзге де қатысушылармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біздің ойымызша басты фигура Димаш Құдайберген болады. Тек Димашпен бірге ән шырқағысы келетін адамдар ғана келеді. Екі апта ішінде техникалық сұрақтарды шешеміз. Тек концерт емес, керемет шоу болады. Екі аптадан кейін билеттерді сата бастаймыз», – деді басшы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер