BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 422.74 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.87
Астана:

Астанада ұлы тұлғаларды еске алды 

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Ұлылыққа тағзым» атты тарихи танымдық шарасы өтті.

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және «Руханият» мекемесі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына, Халел Досмұхамедұлының 135 жылдығына, Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығы және Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығын еске алуға арналған тарихи-танымдық кеш ұйымдастырды.

Шараға ф.ғ.к., шәкәрімтанушы Омар Жәлелұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұрпағы, белгілі ғалым, ф.ғ.д. Нартай Жүсіп, қоғам қайраткері Берік Әбдіғали, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ғалым Жарқын Шәкерім, дәстүрлі әнші Берік Омаров қатысты.

«Рухани» жаңғыру бағдарламасы аясында «Ұлылыққа тағзым» атты тарихи танымдық шара ұйымдастырдық. Ол қазақ тарихында аты алтын әріппен жазылған тұлғалардың есімі мен еңбегін ұлықтауға, сол арқылы жас ұрпақтың білім көкжиегін кеңейтуге бағытталған», - деді «Руханият» мекемесінің басшысы Ержан Еңсебай.

Шара барысында Алаштың аяулы азаматтары туралы бейнесюжеттер көрсетіліп, белгілі ақындар өлеңдерін оқыды.

Сонымен қатар кеште тарихи тұлғалардың шығармашылық жолын зерттеуші ғалымдар ой-пікірлерін ортаға салып, Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театры актерларының қатысуымен әдеби композициялар орындалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер