BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті (ФОТО)

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Бүгін Астанада ҚР Академиялық кітапханасында Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған «ТАРИХТАН – ТАҒЫЛЫМ» атты халықаралық ғылыми конференция өткізді.

Орталық Азиядағы өзгерістердің басында тұрған айтулы оқиғаға орайластырылған конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстаннан ғылыми мекемелердің басшылары, танымал тарихшылар, мемлеукет және қоғам қайраткерлері мен белгілі ғалым-зерттеушілер қатысты.

TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлінің модераторлығымен өткен жиын 2 пленарлы отырыспен жалғасты. «1916 жылғы көтеріліс: тарихи дереккөздер және жаңаша көзқарас» атты алғашқы отырыста Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы «Мурас» қорының Басқарма төрағасы, «Қырғыз тарих қоғамы» халықаралық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тынычтықбек Чортегин, Қазақстан тарихшылар қауымдастығының президенті, профессор Мәмбет Қойгелді, ШҰАР Қоғамдық ғылымдар академиясының экс-президенті, профессор Жақып Мырзахан бастаған шетелден келген ғалымдар баяндама жасады.

Ал, «1916 жылғы көтерілістің Орталық Азиядағы тарихи ықпалы мен мәні» атты екінші отырыста ҚХР және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі профессор Сұлтан Жанболат, Өзбекстан ҒА Тарих институтының аға ғылыми қызметкері, профессор Адхамжон Аширов, И.арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік университетінің профессоры Ташманбет Кененсариев қатарлы бір топ ғалым пайымды пікірлерін ортаға салды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер