BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Асық - байлықтың, сәттіліктің символы

Фото: Ержан Жаубай

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде белгілі мүсінші, архитектор Сәкен Нарыновтың 4 асықтан құралған композициясының таныстырылымы өтті. Мүсіншінің 70 жасқа толу мерейтойына орай ұйымдастырылған композицияның тұсаукесеріне музей директоры Дархан Мыңбай және шебердің өзі де қатысты, дейді BAQ.kz тілшісі.

«70 жасқа келіп, жас балаша жұмыс істей білу үлкен еңбекті, үлкен қажырлылықты қажет етеді. Сәкен Жомарұлы да сондай қажыр-қайраттың иесі. Бұл кісінің еңбектері Елордамыздың, Алматының бірқатар жерлерінің көркін кіргізіп тұр. Музейге де қойылған жұмыстары жетерлік. Кейде Ұлттық музейге келген шет елдік қонақтар «Бұл жұмыстардың иесі кім? Кім жасаған, өмірде бар адам ба?» деген секілді қызығушылық танытып жатады. Ал өздеріңіз көріп тұрғандай, Сәкен ағамыз ортамызда тұр. Асықтарының өзі өте шеберлікпен жасалған» - дейді Дархан Мыңбай.

Мәрмәрдан жасалған әрбір асықтың салмағы 700 келі тартады. Асықтардың алғашқы көрсетіліміне келген халық сол жерде асық атып, балалық шақтарын бір естеріне түсіріп қайтты. Ал осы асықты жасауды қолға алып, оны көпшілік назарына ұсынып отырған шебер, асықты жасаудың мәнін түсіндірді.

«Асықтарды үлкен формада жасау идеясы 20 жылдың алдында ойыма келді. Ең алғаш Атырауда асықтың үлкен мүсінін жасап, астынғы жағына «Асығың алшысынан түссін» деп жаздық. Алла сол елге, сол жерге игіліктері мен жақсылықтарын жіберсін деген ниетпен жасалған еді. Мен жасалған алғашқы көлемді асықтардың бірін Олимпиада чемпионына сыйға берді. Тіпті біздің ата-бабаларымыз асығының санына қарап байлығының қанша екненін таныған. Жалпы асық байлықтың, сәттіліктің символы. Сондықтан да біз «Асығың алшысынан түссін дейміз» - дейді Сәкен Нарынов.

Сәкен Нарынов – әлемнің ең атақты 20 мүсіншісі тізіміне енген қазақстандық белгілі шебер. Оның еңбектері әлемнің бірталай елдерінде қойылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер