BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілінен байқау өтіп жатыр

Фото: Автор

Аталған шараға Алматы қаласындағы этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері қатысып, өнер көрсетуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Әртүрлі ұл өкілдері қатысып жатқан бұл байқауды «Адырна» ұлттық-этнография бірлестігі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

«Тіл – татулық тірегі» атты байқау барысында орыс, ұйғыр, күрд, ауған және т.б. ұлт өкілдері қазақ тілінде бақ сынауда. Олар шарт бойынша Мағжан Жұмабаевтың өлендерің жатқа оқып, -ақ қазақша ән айтып, би билеп, қойылым көрсетуі керек.

«Адырна» ұлттық-этнография бірлестігі қазақтың көп жылдардан бергі тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттауда жүйелі түрде жұмыс істеп келе жатыр. Тек қазақтар арасында ғана емес, еліміздегі өзге ұлт өкілдері арасында да ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға бағытталған жұмыстарды жүргізуді көздеп отырмыз. Соның бастамасы ретінде Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Бірлік берек» атты жобаның аясында бүгінгі байқауды өткізудеміз, -дейді аталған бірлестіктің директоры Арман Әубәкір.

Байқау соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталмақ. Сондай-ақ іс-шара аясында қаладағы этно-мәдени бірлестіктер ұлттық этностық көрмелер ұйымдастырады. Байқауға Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері, ұлттық интелегенция өкілдері, журналисттер, студенттер мен оқушылар қатысуда.

Фото автордікі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер