BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда Өтеген батырға ескерткіш орнатылды

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кентінде даңқты батыр Өтеген Өтеғұлұлына арналған еңселі ескерткіш орнатылды.

Ескерткіштің бойкөтеруіне Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тікелей басшылық жасап, аудан әкімі Бағдат Қарасаев, жергілікті қайырымдылық қорлары мен Өтеген батырдың тікелей ұрпақтары атсалысқан.

Ескерткіштің биіктігі – 5,5м, ені – 2,5 м, ұзындығы – 6,5 м, постамент – 4м.

Ескерткішінің авторы мүсінші, Бақытжан Мұхаметжан. Ол Алашорда қайраткері, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның, қазақтың тұңғыш ұшқыш батыр қызы Хиуаз Доспанованың, атақты Дос Мұқасан тобына арналған ескерткіштердің авторы.

Өтеген Өтеғұлұлы, Мүйізді Өтеген – батыр, жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен батыр, қолбасшы болған. 1699 жылы Шу өзенінің бойындағы Изенді өңірінде дүниеге келгіп, 1773 жылы Іле өзенінің бойындағы Шолақтау, Шеңгелді өңірінде көз жұмған.

Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан. 1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. 1740 жылы Ӏле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаган Төле би өскеріне қосылып, елін жаудан азат етіседі. 1756 жылы шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайтыпты деген аңыз да бар. Өтеген батыр — ел арасында аңызға айналған адам.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер