BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.19 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.63 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.92
Астана:

АҚШ-та өскен қандасымыз Қазақстанға оралғысы келеді

Астана, BAQ.KZ. 24 жасар Айдар Хейнес (Aidar Heynes) Америкада өскен. Оның кішкентай кезінде туған апайы Әйгерім екеуін американдық мұғалімдер отбасы асырап алған екен. Алты жыл бұрын жас жігіт Қазақстанға алғаш рет отбасымен бірге келіп, оған Қазақстанда өмір сүру ұнап қалады.

«Анам Дебби - оқытушы, әкем Джордж - зерттеуші болып жұмыс істейді. Әйгерім қазір Монтанада өз отбасымен бірге тұрады. Біздің үйде ұлттық киім мен қазақтың кәдесыйлары бар. Мен Қазақстан туралы көптеген мәліметтер жинадым», - деді Айдар.

Айдар биыл білім алмасу бағдарламасы бойынша Назарбаев Университетінің академиялық семестрін саясаттану мамандығы бойынша бітіреді. Ол өз ортасында сыйлы, достары да көбейді. Жақында Айдар Монтана штатының Боземан қаласына қайтады. Биыл жазда Монтана мемлекеттік университетін бітіреді. Соған байланысты Қазақстанда өз оқуын жалғастыруға немесе кәсіби тәжірибе алуға осында қалғысы келеді.

«Мен әрдайым сәттілік менімен бірге болады деп үміттенемін. Маған Қазақстан өте ұнайды», - дейді ол.

Еліміздің біраз жерін аралап шыққан Айдар Монтана климатының Алматыға ұқсас екендігін айтады.

«Таяуда Назарбаев Университетінде емтихан сессиясы өтеді, содан кейін мен достарыммен бірге Бурабайға барғым келеді», - дейді жас жігіт.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер