BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ә.Бөкейханның ескерткішін қою үшін мемлекеттік комиссияның шешімін күтіп отырмыз – Ж.Омар

Фото: Ержан Жаубай

Бұл туралы ШҚО әкімінің орынбасары Бүгін Астанада өткен Шығыс Қазақтан облысы әкімдігінің баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Биыл Алашорда көсемдерінің бірі әйгілі Әлихан Бөкейханның дүниеге келгеніне 150 жыл. Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тура келген мерейтойдыЮНЕСКО көлемінде атап өту жоспарланған болатын. Осыған орай журналист сауалына жауап берген Жақсылық Омаров Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай Алашорда астанасында көптеген игі шаралардың атқарылып жатқандығын айтты.

«Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы өте ауқымды шараларды қамтитың мәселелердің бірі. Қазірге дейін бабамыздың мерейтойына ел болып дайындалып, аудандарда, қалаларда, облыстарда бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр. Ал Семей тарихы Алашорда тарихынан бөле-жара қарауға келмейтін ерекше тарих. Сондықтанда біз бұл мерейтойға жыл басынан бері дайындалған болатынбыз. Ең әуелі Әлихан тойын біз мектептер мен ЖОО-да қолға алдық. Себебі Әлиханның кім екенін, оның атқарған істерін ең әуелі жас ұрпақ білуі керек» - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Оның айтуына қарағанда Семей қаласынан Әлихан Бөкейханға көше атын беру және ескерткіш орнату мәселесі алдағы уақытта шешімін табатын болады.

«Көше атауын беру мәселесі өте орынды. Өздеріңіз білесіздер бұған дейін 5 жыл мораторий жарияланған болатын. Қазір мораторий алынып тасталды. Енді соған сәйкес құжаттарын дайындаудамыз. Көше беру мәселесіне біз бейжай қарамаймыз. Ал Алаш көсеміне арнайы ескерткіш қою үшін біз байқау жариялаған болатынбыз. Барлығы 6 жұмыс келіп түсті. Оның екеуін жергілікті комиссияның таңдауымен іріктеп алып, Мемлекеттік комиссияның қарауына жолдағанбыз. Қазіргі кезде республикалық комиссияның шешімін күтіп отырмыз. Егер олар рұқсат беріп, мынаны орнатыңдар десе, біз қоюға дайынбыз. Қаржысы, орыны барлығы қарастырылып қойған» - дейді Жақсылық Омаров.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер