BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

24 жастағы қари үздік азаншы атанды

Фото: автор

Ақтөбеде өткен "Әдемі әуезді азаншы" III республикалық азаншылар сайысында 24 жастағы Шыңғыс Сәдуов жеңіске жетті. Кіші қажылыққа баратын жанда белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

"Әдемі әуезді азаншы" III республикалық азаншылар сайысы "Нұр ғасыр" облыстық орталық мешітінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Құрбан айт мерекесіне қарсы мұсылман жұртшылығына да үлкен сый болды. Азаншылар жарысында Қызылорда облысындағы «Ақмешіт-Сырдария» облыстық орталық мешітінің ұстазы Шыңғыс Сәдуов үздік атанды. Төрешілер оны «Әдемі әуезді азаншы» атына лайық деп таныпты. Сайыстың ең жас қатысушысы 1 миллион теңге сыйақы мен байқаудың естелік кубогына ие болды.

«Екінші орынға «Нұр Астана» мешітінің азаншысы Салман Хадиршаев ие болды. Елорда мерейін асқақтатқан азаматқа арнайы кубок және Умра қажылығына жолдама берілді. Үздік үштікті қорытындылаған Павлодардағы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің азаншысы Серік Темірғалиев ІІІ жүлделі орынды жеңіп алды. Ол арнайы кубокпен және 300 000 теңге көлемінде қаржылай сертификатпен марапатталды», - деді «Нұр ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз хатшысы Индира Ізбасқан.

Фото: автор

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сайысқа қатысқан 19 азаншыға еліміздің қажы, қарилары баға берді. Республикалық жарысқа атыраулық кәсіпкер Келбатыр Құлғазиев демеушлік еткен. Ол отбасымен бірге сайысты тамашалады. Топтан дараланған тағы екі қатысушы ынталандыру сыйлығына ие болды. Талдықорғандық Нұржол Ғазиз және Атырау облысындағы «Исатай-Махамбет» мешітінің бас имамы Ержан Иманғалиевке 100 мың теңгеден берілді. Барлық қатысушыға 50 мың теңге сыйақы табысталды.

Азаншылар сайысы кезінде «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде қазылар алқасының мүшесі «Жігіттер» квартетінің солисі Айдар Тұрғамбек азан шақырып, жамағатпен бірге бесін намазын оқыды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер