BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 422.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.87
Астана:

1500 домбырашы бір мезетте еліміздің түкпір-түкпірінде қазақ күйлерін орындады

Фото: Автор

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның барлық ірі қалалары мен облыс орталықтарын қамтыған шара «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ұйымдастыруымен өтті. 1500 домбырашы бір мезетте еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі қоғамдық орындарды қазақ күйлерін әуелеті.

2008 жылы Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамысымен Зияткерлік мектептер құру жөніндегі жоба іске қосылды.

Бүгінгі күні ол білім беру жүйесінің негізгі қозғауші күшіне айналып, әлемдік аренаға шықты. Биыл «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрылғанына 10 жыл.

ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай, Елбасының есімін алып жүрген білім ордасы флешмоб ұйымдастырды. Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, мерейтойлық жылдың соңғы айында басқа да көптеген мерекелік шаралар өткізу жоспарланған.

Солардың бір парасы – «Ұла дала мұрагерлері» атты домбырашылар флешмобы. Петропавлда аталған шара «Сити-Молл» сауда үйінде өтті. Қазақтың күй өнерінің мерекесіне 70-ке тарта домбырашы қатысты.

Жастар Құрманғазының «Сарыарқа», «Адай», «Балбырауын» және Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» мен «Әлқисса» сынды тағы басқа күйлерді орындады.

«Жалпы іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, қазақ халқының қасиетті домбырасын насихаттау. Ерекшелігі - жыл санап домбырашылар саны артып келе жатыр. 70 бала күй орындаса, 150-ге жуық оқушы мен мектеп қызметкерлері және ата-аналар оны көруге келді», - дейді Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогы Бақыт Нұрышева.

Мектеп оқушылары ән мен бибен шашу шашты. Флешмоб сауда үйіне келушілердің назарын өзіне аудартпай қоймады. Көпшілік тоқтап, сахнада орындалған концерттік номерлерді бейнежазбаға түсіріп жатты.

«Қазақтың өрімдей ұл-қыздары қолдарына қазақтың қара домбырасын алып, сауда үйінде ән мен күйді әуелетіп жатыр. Тамаша көрініс. Рухыңды көтереді. Ұлтымыздың өнеріне деген сұраныс артып келе жатқаны, жас ұрпақтың оған ден қойғаны әрине жақсы. Сауда үйінің үшінші қабатында кетіп бара жатып, домбыра үнін естігенде, еріксіз сол жаққа қарай бет алдым. Көңілім бір көтеріліп, серпіліп қалдым», - дейді Петропавл тұрғыны Зейнеп Аманжолова.

Аталған шара Қазақстанның түкпір-түкпірінде ұйымдастырылды. Флешмобқа 1500-ден астам домбырашы қатысты.

Фото: Автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер