Жансейіт  Түймебаев: 12 айда 12 аудан 12 игі іс атқарады - Рухани жаңғыру|23 Сәуір 2018, 15:29
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жансейіт  Түймебаев: 12 айда 12 аудан 12 игі іс атқарады

Фото: Тимур Бектұр

Бүгін ОҚО Түлкібас ауданының Шұбайқызыл өңірінде болып жатқан «Қызғалдақ фестивалінде» облыс әкімі Жансейіт Түймебаев рухани жаңғыру аясында өңірінде өтетін игі істер жайлы айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгін біз өңіріміздің Алатау мен Қаратаудың қауышқан жері, жер жәннәті Түлкібас ауданында «Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы» атты қызғалдақ фестивалінде қауышып отырмыз. Фестиваль Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасына байланысты бағыттарды жүзеге асыруды мақсат тұтады. Оның ішінде жастарды табиғатты аялап, сақтауға шақыру, жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге белсене атсалысуды көздеп өткізіліп отыр», - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, әкім қоғамдық сананы жан-жақты және түбегейлі жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биылдан бастап әр аймақта ауқымды шаралар өткізу және оларды дәстүрге айналдыру көзделіп отырғанын айтты.

«Атап айтқанда: наурызда «Қош келдің, Әз Наурыз!», сәуірде «Қызғалдақ фестивалі», мамырда «Туған жерге тағзым: Ордабасы көктемі», маусымда «Қымызмұрындық», шілдеде «Халықаралық өнер фестивалі», тамызда «Қауын fest» фестивалі, қыркүйекте «Агро fеst» фестивалі, қазанда «Safari Shardara», қарашада «Open Saryagash», желтоқсанда Қасқасуға қар түсті», «Қасқасу қысы», «Қасқасу мен Біркөлік арасындағы шаңғы шаттығы» байқауы, «Тау самалы – жан самалы», қаңтарда «Салбурын – саятшылық мерекесі» мен «Қансонарда бүркітші шығады аңға», ақпанда «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра» іс-шараларын өткізу жоспарлануда. Аталған ауқымды іс-шаралар жоспары облыстық мәслихаттың сессиясында қаралып, бекітілді. Енді сол жаңа жобалар жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болады" - деді Жансейіт Түймебаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер