BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жаңа әліпби ешбір тұтынушыға қиыншылық туғызбау керек – Ерден Қажыбек

Фото: Автор

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда «Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтіп жатыр.

Алқалы жиын барысында, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ директоры Раиса Садуақасова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Латын әліпбиіне көшу – жалпыұлттық мемлекеттік реформа. Осы реформаны жүзеге асыруда қазіргі заманғы білім беру үрдісінің ерекшеліктерін түсіндіру, латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі бойынша ой бөлісу. Іс-шараны тіл білімі институтымен бірлесе өткізудегі мақсатымыз Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы тіл мамандарының пікірімен таныстырып, терең мағлұмат беру»,-дейді Р. Садвакасова.

Аталған шара А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ арасындағы 2018 жылғы 12 шілдеде жасалған ғылыми-әдістемелік ынтымақтастық туралы меморандум негізінде ұйымдастырылған.

«Қазір латын әліпбиі біздің мамандардың қатысуымен әр қалада қарқынды талқыланып жатыр. Бүгін Алматы қаласындағы 200 аса мектеп мұғалімдерімен бірге халықаралық деңгейде конференция өтіп жатыр. Оған Еуропа одағынан, Түркия, Белгиядан қазақ тілінің мамандары онлайн қосылып, оларда өздерінің ойларын білдіруде. Қазір Елбасының нақты тапсырмасы бар, біріншіден, бұл әліпби ешбір тұтынушыға қиыншылық туғызбау керек. Екіншіден, әр азаматтың пікірі біз үшін өте қымбат. Біз кез-келген жаңалықты сараптап, талқылап, ортаға салуымыз керек», -дейді А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер