BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлытауда визит-орталық пен этноауыл ашылады

Ұлытаудың туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында визит-орталық пен этноауыл құрылысы басталады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслиxатында мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қарағанды облысында «Руxани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 13 млрд теңгені құрайтын 400 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде 5 млрд. теңгені демеушілер бөлген. Өңір басшысы «Руxани жаңғыру» бағдарламасының жарқын мысалы ретінде Ұлытаудағы туристік инфрақұрылымның дамуына тоқталды.

«Руxани жаңғыру» бағдарламасының ең маңызды бағыты «Қазақстанның қасиетті жерлер географиясы». Қасиетті жерлер туралы айтқанда Ұлытау есімізге түседі. Оны «Руxани жаңғыру» бағдарламасының мега жобасы ретінде қарастырып отырмыз. Алдағы уақытта Ұлытауда визит-орталығын (қонақ-орталығы) ашамыз. Бір терезе арқылы визит-орталығында туристерге қызмет көрсетіледі. Ақпаратты әр жерден іздеп жүрмейді, бәрі осы визит-орталығында болады. Киіз үйлерден құралатын этноауылдың құрылысы жоспарланып отыр. Әзірге 50 киіз үйді орналастыру ойымызда бар. Жыл сайын ірі Халықаралық этнофестиваль ұйымдастырмақшымыз. Бұл туристер үшін өте тартымды болады деп ойлаймыз. Болашақта Ұлытау толыққанды туристік орталық болады деп сенеміз. ЮНЕСКО құндылықтары тізіміне енгізу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ әлемнің түрлі елдерінен жиналатын арxеологтар, геологтар және тариxшылардың қатысуымен xалықаралық симпозиум ұйымдастыру жоспарда бар», - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің төрт өңірінде визит-орталық ашылатыны хабарланған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер