BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Түркістан облысындағы 3 шыңға қазақ билерінің есімі берілді

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Бұл туралы Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағында «Бұл – біздің таулар!» атты тау фестивалінің жабылу салтанатында белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткен фестивальді облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен Түркістан облыстық альпинистер федерациясы ұйымдастырды.

«Бұл – біздің таулар!» фестивалі 2018 жылы үш биге арналды. Атап айтсақ, облыстағы 3 биік шыңға Төле, Қазыбек, Әйтеке бидің есімі берілді. Бұрын Студентов (3750 м) деп аталған шың енді Әйтеке би шыңы деп аталса, Кергели узловая (3787 м) шыңына Қазыбек бидің есімі берілді. Ал, Рощина (3860 м) шыңы енді Төле би шыңы деп аталады.

Фестивальде Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан жиналған 30-ға жуық альпинистің 15-і аталған шыңдарды бағындырды.

Салтанатты шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен фестивальдің маңыздылығына тоқталып, альпинистерді Алғыс хатпен марапаттады. Өз кезегінде, Түркістан облыстық альпинистер федерациясының президенті Бақытжан Асанов туризмді дамыту бағытындағы мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Іс-шара барысында велошеру, ұлттық ойындардан сайыстар, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ел ағалары ұлы тұлғалар туралы деректер айтып, ақ баталарын жаудырды. Тау баурайында үш бидің құрметіне ас беріліп, патриоттық әндер шырқплды. Фестивальге жиналған көпшілік Төле би ауданының табиғатына тамсанып, ішкі туризмді дамытуға үлес қосып қайтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер