«Туған жер. 100 ән» атты ұлттық ән-күй жинағы шықты - Рухани жаңғыру|25 Шілде 2017, 12:46
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Туған жер. 100 ән» атты ұлттық ән-күй жинағы шықты

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бастамасын негізге ала отырып, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «ТУҒАН ЖЕР. 100 ӘН» атты ұлттық ән-күй жинағын халық назарына ұсынады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің, ұлтымыздың, мәдени және рухани мұраларын дамыту - болашақ ұрпақ алдындағы ең басты міндеттердің бірі. Бұл таспадағы ән-күйлер топтамасы халқымыздың музыкалық өнерін дәріптеп қана қоймай, қазақ өнеріне еңбегін сіңірген композиторларымыз бен әншілерімізді кеңінен насихаттайды. Жинаққа қазақ музыкасының майталмандары Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиев, К.Дүйсекеев сынды композиторлар мен жас авторлардың туған жер жайлы ең үздік әндері кірген.

«ТУҒАН ЖЕР. 100 ӘН» эксклюзивті музыкалық топтамасын Астана мен Алматы қалаларында орналасқан "Меломан" дүкендер желісінен ала аласыздар. Ал, басқа қалалар мен облыс аудандары үшін "Меломан" интернет-дүкенінен тапсырыс бере аласыздар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер