BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Теменов: Елордадағы мәдени орталықтарды біріктіру – ұлттық өнерге балта шабу

Бұл туралы Талғат Теменов бүгін Астана қаласында өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі сарапшылар тобының отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.kz тілшсі.

Елбасының аталған мақаласы жайлы тоқталып, еліміздің рухани жаңғыру жолында Астаналық мәдени ошақтардың жеткен жетістіктері мен, атқарып жатқан қызметіне тоқталған Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Досымғалиұлы Астанадағы мәдени орталықтарды біріктіріп, бір бухгалтериялық орталыққа бағынады деген мәселеге шүйлікті.

«Шет елге шығу біз үшін баяғыдан арман болып келеді. Оның үстіне соңғы кезде барлығымыздың жүрегімізді солқ еткізген суық хабар бұрқ ете қалды. «Астанадағы мәдени ошақтарын орталық бухгалтерияға қосу» деген. Бұны қай дуананың ойлап тапқанын білмеймін. Білетінім бір-ақ нәрсе, бұл – қазақ өнеріне, соның ішінде төл өнерімізге балта шабу дер едім» - деді Қазақстанның халық әртісі.

Сонымен қатар Талғат Теменов өнер иелерінің, әртістердің жалақысы әлі күнге көтерілмей келе жатқандығын сөз етті.

«Елімізде дәргерлердің, мұғалімдердің жалақысы жыл сайын көтеріледі. Ал өнер саласы сол баяғы жетім баланың күнін кешуде. Әртістердің жалақысы тым жүдеу. Әлихан Бөкейхан «Ұлтына қызмет ету, білімнен емес, мінезден» деген екен. Менің білетінім Әсет Исекешев мінезі бар жігіт. Өнер саласындағы бастамаларды іске асырады деп сенемін» - деді Талғат Досымғалиұлы.

Талғат Теменовтің бұл пікіріне қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев ықтай жалдап жауап берді.

«Елорда мәдениеті деген арнайы бағдарлама қолға алынуда. Жаңа айтып отырған өзекті мәселелердің барлығы өз кезегінде орындалады деп сенемін. Барлығы да жүйелі түрде орындалады деген ойдамын» - деді қала әкімінің орынбасары.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер