BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Топжарған Тоба

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тәуелсіздік күні мен ҚР Тұңғыш Президенті күніне және Алашорданың 100 жылдығына арналған жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған айтыс елордадағы «Жастар» сарайында өтті. «Тәуелсіздігім – теңдігім, Егемендігім – елдігім» атты жыр додасына еліміздің Алматы, Арқалық, Семей, Қызылорда, Павлодар, Шымкент қалалары мен Торғай, Шығыс Қазақстан өңірінен 10 айтыскер қатысты.

Ақындар Тәуелсіздік, Алаш, Рухани жаңғыру, туған жер, тіл тақырыптарына сөз қозғап, жас та болса ел сөзін сөйлер, жұрт мұңын жоқтар азаматқа айналып келе жэатқандықтарын көрсетті.

«Бұл жас ақындар айтысы Тәуелсіздік күні мен ҚР Тұңғыш Президенті күніне және Астана қаласының 20 жылдығынада арналып отыр. Ақындар Тәуелсіздігімізді, Астана қаласынның кешегі мен бүгінің, болашағын, әлемнің өзгеде астаналарымен терезесінің тендігін жырлайды. Мысалы елордада кеше 250-260 мың халық болса, бүгінгі күні бір миллионға жетті. Еліміздің, Астанамыздың экономикасының, білімінің, ғылымының және мәдениетінің өсу жағдайлары жырланады», - деп атап өтті Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев.

Айтысты өткізудің мақсаты ақындардың өрелі өнері, өрнекті сөздері арқылы Тәуелсіздік мұраттары мен құндылықтарын насихаттау; ел егемендігі жолындағы Елбасының атқарған игі істерін ұлықтау; «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын паш ету; өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, олардың таным-талғамын ұлт руханиятына бағыттау; қазақтың төл өнері, құдыретті сөзі арқылы мемлекеттік тілдің мерейін арттыру, қолданыс аясын кеңейту.

Қонысбай Әбіл, Балғынбек Имаш, Жібек Болтанова, Қалқаман Сарин, Еркебұлан Қайназаров қатарлы қазылар алқасы төрелік етіп, жас перілерге тиісті бағасын берді.

Сонымен, І орын - Тоба Өтепбаев (Арқалық),

ІІ орын - Аян Ниязбек (ОҚО),

ІІІ орын - Нұрқанат Қайрат (Павлодар облысы).

Ал Айбар Рағатов (Қостанай облысы) арнайы жүлде игері атанды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.

Қалған барлық қатысушыларға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің атынан Алғыс хат және 50 мың теңге қаржылай сыйлық берілді.

Видео: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
22 Шілде 2016, 14:58
Топжарған - 2016
Пікірлер