BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ТМД елдері Үкімет басшыларының келесі отырысы Түрікменстанда өтеді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы - атқарушы хатшысы Сергей Лебедев ТМД елдері Үкімет басшыларының келесі отырысы Ашхабадта өтетінін мәлімдеді.

Алдымен ол ТМД елдерінің Үкімет басшыларының шағын құрамдағы кеңес отырысында күн тәртібінде қаралатын мәселер нақтыланғанын жеткізді.

Осы орайда ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы келесі отырыстың қайда өтетінін айтты.

«Түрікменстанның ұсынысы бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Үкімет басшыларының кеңес отырысы 2019 жылдың мамыр айының соңында, яғни 31-мамырда Ашхабадта өтеді», - деді Сергей Лебедев Астанада өтіп жатқан жиында.

Осыған дейін елордада ТМД елдері Үкімет басшыларының отырысы басталғанын хабарлағанбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер