BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тіл мамандары латын әліпбиіне көшудің артықшылығы мен кемшіліктерін талқылады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының алматылық кеңсесінде «Қазақ тілін латыншаға көшіру: түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Дөңгелек үстелге қатысушылар латын әліпбиінің бекітілген нұсқасын енгізудегі тәжірибелік аспектілерді, оның келешектегі жетілдірілуі, мемлекеттік органдар қызметі мен қазақстандықтардың өмірінде белсенді пайдалануын талқылады. Сонымен қатар, қазақ тілінің латын әліпбиіне тиімді көшірілуіне не әсер ете алады және бұл үрдістегі кері әсерлерді қалай азайтуға болады деген сауалдарға жауап іздеді.

"Бұл мәселеге қатысты қоғамда болып жатқан өткір пікірталас латын әліпбиіне көшу көптің көкейінде жүргенін айғақтайды. Қазақ әліпбиін латыншаға көшірудегі басты аргумент, ол латын әліпбиінің – ХХІ ғасырдағы хат, ғылым мен техника, ғаламтор және ІТ-технологиялар тілінің ең кең тараған графикалық жүйесі екендігі. Сондай-ақ, ол қазақ тілінің сақталып қалуын қамтамасыз етіп, өзге тілден енген сөздердің бейімделу механизмін жүзеге асырады, - деді ӘЭСИ-дің жетекші сарапшысы Айман Жүсіпова.

Сарапшының сөзінше, латын әліпбиіне көшу нәтижесінде жас буынның кирилше жазылған мәдени мұрадан қол үзіп қалуы қауіп тудырады, сонымен қатар, халықтың түрлі жазу үлгісін ұстанатын екі топқа бөлініп кету жағдайы туындауы мүмкін.

Пікірталас барысында сарапшылар латын әліпбиіне көшу қазақстандық қоғамның дамуына, халық санасының жаңғыруына, мемлекеттің алдағы уақытта әлемдік қауымдастыққа саяси, экономикалық және мәдени интеграциясына қаншалықты ықпал ететінін талқылады.

Дөңгелек үстел жұмысына Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, «Қазақ үні» газетінің Президенті Қазыбек Иса, саясаттанушы Дәурен Бабамұратов және т.б. қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер