BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тәуелсіздік құрдастары: Біз еліміздің болашағына үлесімізді қосқымыз келеді

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің құрдастарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу «Рухани жаңғыру. Болашаққа бағдар» мақаласын орындау шеңберінде, тәуелсіздік жылдарында жеткен жеке жетістіктермен, тәжірибемен, жоспарлармен, ойлармен алмасу мақсатында өткізілді.

Іс-шара барысында Тәуелсіздік құрдастарының елорданың мерейлі жылына орай «20 мейірімді іс» бірлескен науқаны басталуы туралы ел жастарына арналған үндеуі оқылды.

«Біз әрқашан жастарымызды қолдауға қуаныштымыз. Бүгін біз басқа да филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарының жастарын біздің «20 мейірімді іс» атты бастамамызды қолдасын деп шақырамыз. Тек ортақ күш-жігерімізбен жаңа белестерге жете аламыз, мықты және өзіне сенімді Қазақстанды құра аламыз» - деді "Бірлік" филиалының Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының кеңесшісі Алия Қайшарова.

Жас саясаттанушы, тәуелсіздік құрдасы Әлкей Марғұлан өзінің ата ұрпақтан тәуелсіздікке деген арманды алып, оны келер ұрпаққа орындалған арман ретінде жалғастырушы алтын көпір екенін мақтан етеді.

«Біз өзімізге қажетті дүниені таңдай аламыз. Біздің ұлттық кодымызда Тәуелсіздік үшін күрес бар. Бабаларымыздан осынау ізгі қасиет мұра болып қалмағанда біз кең даламызды сақтап қала алмас едік. Мен бабадан Тәуелсіздік мұрасын қабылдап, ұрпаққа оны қалдыра аламын. Біздің әрқайсымыз еліміздің жарқын болашағына зор үлесімізді қосқымыз келеді», - дейді халықаралық сарапшы, Тәуелсіздіктің құрдасы Әлкей Марғұлан.

Кездесуде Тәуелсіздік құрдастарын, олардың арасында – партия мүшесі, «Астана Опера» МОБТ жетекші балет орындаушысы және ҚР Тұңғыш Президенті Қорының өнер және мәдениет саласы бойынша премиясының лауреаты Бекетаева Әйгерім, «ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті» ММ жобалар бөлімінің прокуроры Недельский Евгений және басқалар құрметтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер